Бостандық ауылы 

 

Бостандық ауылдық округі Жеңістің 40-жылдығы көшесі тұрғындары және жергілікті қоғамдық қауымдастық мүшелері жиналысының

    ХАТТАМАСЫ №1

 

Бостандық ауылы                                                                                04.09.2017 жыл

                                                                                                       Сағат 11.00                                                           

 

Жиналысқа қатысқандар:

  • Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны – 6 адам
  • Жеңістің 40-жылдығы көшесі тұрғындарының саны – 14 адам

Жиналыс төрағасы: М.Рысдәулетов

Жиналыс хатшысы: Б.Мусаев

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

Бостандық ауылдық округі Жеңістің 40-жылдығы көшесін –

Нұрлы жол деп қайта атау туралы

 

ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  М.Рысдәулетов, Д.Зунимов, Ә.Тұрғынбаев, Ә.Шалғынбаев  сөз алды.

М.Рысдәулетов: Бостандық ауылдық округі әкімі, Жеңістің 40-жылдығы көшелерінен 14 – тұрғын, 6 – жергілікті қоғамдастық мүшелі қатысып отыр. Ауылдық округ әкімінде көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Жеңістің                  40-жылдығы көшесін –  Нұрлы жол көшесі деп қайта атау қажеттілігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өлкедегі иделогиялық мағынасы тұрғыдан ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи  жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырмасы да түскен болатын. Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы               14-1 бабаның 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының траскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, көше атау өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп, барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері, ескеріле отырып, сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды салыңыздар.

Д.Зунимов: Біздің тұрып жатқан  Жеңістің 40- жылдығы көшесі атауын ауыл тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып,  Нұрлы жол  атауын беруді дұрыс деп санаймын.

Ә.Шалғынбаев: Осы уақытқа дейін ауылымыздағы кейбір көше атаулары мағынасы заманға сай емес. Ауылымыздың көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

Ә.Тұрғынов: Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

М.Рысдәулетов: Бостандық ауылдық округінің әкімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабаның 1 тармағына және «Әкімшілік–аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескерту мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы-

Қалыс-

Қолдағандар  – 20 адам

Бостандық ауылдық округінің әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша Жеңістің 40-жылдығы көшесін – Нұрлы жол көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

Бостандық ауылдық округі әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Бостандық ауылдық округіндегі Жеңістің 40-жылдығы көшесін, Нұрлы жол көшесі деп қайта аталсын;
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескертудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                                           М.Рысдәулетов

 

 

Жиналыс хатшысы:                                                            Б.Мұсаев