Көктал ауылдық округі

Талас ауданына қарасты Көктал ауылдық округі

Көктал ауылындағы Пионерская көшесі тұрғындары

 және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1 хаттамасы

 

Көктал ауылы                                                                                           14.05.2018 ж.

                 сағ: 1500

 

Жиналыс төрағасы: Р.Қырықбаев

Жиналыс хатшысы: Х.Әбілда

Жиналысқа қатысқандар:

1) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны –  6 адам,

2) Пионерская көшесі тұрғындарының саны – 19 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Талас ауданы Көктал ауылдық округі Көктал ауылындағы мағынасы ескірген Пионерская көшесін – Жастар көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Көктал ауылдық округінің әкімі Р.Қырықбаев, З.Жұмағұлқызы, Қ.Уайс, О.Толстихина сөз сөйледі.

Р.Қырықбаев: Бүгінгі жиналысқа Пионерская көшесінен  19 тұрғын және 6 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өлкедегі идеологиялық мағынасы тұрғыдан ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су және дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы тапсырмасы бар.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа алып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

З.Жұмағұлқызы: Біздің тұрып жатқан көшеміздің Пионерская деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Жастар атауын беруді дұрыс деп санаймын.

Қ.Уайс: Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 27 жыл. Жиырма жеті жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы бар. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Сондықтан ауылымыздың көше атаулары дәстүрлі атауларымен байланыстырып атаған жөн. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаудың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

О.Толстихина: Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналыс орынды. Жаңа атауды беруді дұрыс деп санаймын.

Р.Қырықбаев: Көктал ауылдық округінің әкімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын  нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ашық дауысқа саламын.

Қарсы – жоқ ,

Қалыс – жоқ ,

Қолдағандар саны – 25 адам.

Ауылдық округтің әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша Пионерская көшесін – Жастар көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары бірауыздан қолдағандығы туралы жария етті.

 

Көктал ауылдық округінің әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Талас ауданы Көктал ауылдық округі Көктал ауылындағы мағынасы ескірген Пионерская көшесін – Жастар көшесі деп қайта аталсын;
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                                         Р.Қырықбаев

 

Жиналыс хатшысы                                                        Х.Әбілда

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы 2 наурыздағы №17-388-5 бұрыштамасына сәйкес, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктер және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылғандығы туралы тапсырмасы бар.

Аталған тапсырманы негізге ала отырып, 2017 жылдың 30 маусым күні өткен Талас ауданы әкімдігі жанындағы жұмысшы топ отырысының қорытындысына сәйкес, Көктал ауылдық округі, Көктал ауылындағы идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескірген «Ягодка» саяжайында орналасқан, Пионерская көшесін – Жастар деп қайта атау туралы ұсыныс қабылданды.

Көктал ауылдық округіндегі Пионерская көшесі 2011 жылғы                              11 шілдедегі «Талас ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық -кеңесші орган мәжілісінің №4 ұйғарымы негізінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық базасына енгізілген. «Ягодка» саяжайы және саяжайда орналасқан көшелер туралы аудандық архивте құжаттары сақталмаған. «Пионерская» көшесі Көктал ауылының оңтүстік батысында орналасқан ұзындығы- 320 метр. Көшеде 30-үйлер орналасқан.

 

Көшеге берілетін жаңа атаудың түсіндірмесі:

 «Жастар» –  Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпанда қабылданған. Қазақстанда жастар жал­пы халықтың шамамен 30 пай­ы­зын құрайды (makala.kz сайты және adilet.zan.kz РҚАО алынды)

 

Хабарландыру

2018 жылдың 14 мамыр күні сағ. 15.00-де Көктал ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Пионерская» көшесінің тұрғындарымен жиын өтеді.

Күн тәртібінде:

«Пионерская» көшесінің атауын «Жастар» деп өзгерту туралы мәселе қаралады.

 

 

 

Талас ауданына қарасты Көктал ауылдық округі

Көктал ауылындағы Ленин көшесі тұрғындары

 және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№2 хаттамасы

 

Көктал ауылы                                                                                            04.09.2017 ж.

                 сағ: 1100

 

Жиналыс төрағасы: Р.Қырықбаев

Жиналыс хатшысы: М.Тұрсымбаев

Жиналысқа қатысқандар:

1) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны –  5 адам,

2) Ленин көшесі тұрғындарының саны – 10 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Талас ауданы Көктал ауылдық округі Көктал ауылындағы мағынасы ескірген Ленин көшесін – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Р.Қырықбаев, Б.Алимов, Қ.Уайс, Е.Малимов сөз сөйледі.

Р.Қырықбаев: Көктал ауылдық округінің әкімі  көшелерінен 10 тұрғын және 5 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Ленин көшесін – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау қажеттігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өлкедегі идеологиялық мағынасы тұрғыдан ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырмасы да түскен болатын.

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Б.Алимов: Біздің тұрып жатқан көшеміздің Ленин деген атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, Тәуелсіздік атауын беруді дұрыс деп санаймын.

Қ.Уайс: Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Сондықтан ауылымыздың көше атаулары тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің ауылдың тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

Е.Малимов: Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

Р.Қырықбаев: Көктал ауылдық округінің әкімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын  нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін  ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы-жоқ ,

Қалыс-жоқ ,

Қолдағандар саны- 15 адам.

Ауылдық округтің әкімі  дауыс беру қорытындысы бойынша Ленин көшесін – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

Көктал ауылдық округінің әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Талас ауданы Көктал ауылдық округі Көктал ауылындағы мағынасы ескірген Ленин көшесін – Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын;
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсынысоблыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                                         Р.Қырықбаев

 

Жиналыс хатшысы                                                        М.Тұрсымбаев