Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 22 маусымдағы №4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                         

                         

Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

 

 

Қаратау қаласы                                 №5                           10 шілде 2017 жыл

 

 

Талас аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының 2017 жылғы 22 маусымдағы

№4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын басшылыққа алып, Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 22 маусымдағы №4 шешімімен бекітілген 2017 жылғы 11 тамызға тағайындалған Талас ауданы бойынша ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарындағы 3 тармақтағы «16» деген саны «17» санына, 4 тармақтағы «5» деген саны «4» санына, 6 тармақтағы «маусымына» деген сөз «шілдесіне» деген сөзіне,           12 тармағындағы «11» саны «10» санына өзгертілсін.
  2. Осы шешім жергілікті «Талас тынысы» газетіне жариялансын.

 

 

Комиссия төрайымы                                                   А.Абдибекова

 

 

                                                                                                   Талас аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

                                                                                                  2017 жылғы 22 маусымдағы 

№4 шешімімен бекітілді

 

 

2017 жылғы 11 тамызға тағайындалған

Талас ауданы бойынша ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

 

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

(п.11)

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.

 

(пп.1), 7) п.9)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

 

Аудан (қала) әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2017 жылғы

12 шілдеде басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2017 жылғы 17 шілдеде аяқталады.

(п.п. 13, 14, 15)

 

  1. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда – 2017 жылғы

4 тамызға дейін.

(пп. 1, 7) п.п. 9, 48)

 

  1. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Үш күннің ішінде.

(п.п. 12, 17, 19)

 

  1. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2017 жылдың 1 шілдесіне табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

(п. 18)

 

  1. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін дауыс беру күніне 15 күн қалғанда – 2017 жылғы               27 шілдеде аяқталады.

(п.п. 20, 24)

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен

кешіктірмей.

 

(пп 1) п. 22)

 

  1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

(п. 19)

 

  1. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

 

(пп. 2) п. 9, п.п. 33, 34)

 

  1. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.

Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(пп. 1, 7) п. 9)

 

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi – 2017 жылғы 10 тамызда жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(п. 28)

 

  1. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.

(пп.1, 7) п. 9)

 

  1. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

(пп. 1, 7) п. 9)

 

  1. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

 

(п. 52)

 

  1. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

                                               Бір күннің ішінде – 2017 жылғы 11 тамыз                                                                                                                                     (п.п. 47-54)

 

  1. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде –

                            2017 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей.

(п. 57)

 

  1. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей  – 2017 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей.

(п. 44)

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей –

2017 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей.

(пп. 1, 7) п. 9, п. 59)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының және Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.