Талас ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары

 

Талас аудандық мәслихатының

2017 жылғы 28 қарашадағы

№25-4 шешімімен бекітілген

 

 

Талас ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

Жоспары

 

Кіріспе

Талас ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Ауданның жалпы көлемі жер көлемі 1220562 гектар. Тұрғын саны 54525 адам. Аудан аумағындағы 24 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген және Қаратау қаласы. Аудан орталығы – Қаратау қаласы, облыс орталығынан ара қашықтығы 130 шақырым.

Талас ауданы ауыл шаруашылығы бағытында негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі-табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.

Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмау, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет.

Осыған орай ауылдық округтер, шаруа қожалықтары жалпы аудан аумағындағы төрт түлік мал басының жайылымдық жерлерімен қамтылу жағдайын талдау жүргізіледі.

Талас ауданының аумағы төрт агроклиматтық аймақта орналасқан. ауданның солтүстік бөлігі-өте құрғақ, әрі ыстық шөл аймағында (Мойынқұм құмы), орталық бөлігі-құрғақ, әрі ыстық, оңтүстік бөлігі-өте құрғақ аймағында тау бөктері.

Аудан аймағының климаты тым континентік, ауа құрғақ, ауа ылғалдығы аз мөлшерде болады, қысы бір шама суық, жазы ыстық әрі қуан, аңызақты келеді.

Аудан аумағындағы жер қойнауынан құрылыс материалдары,күйдірілген кірпіш, құм өнімдері, бетон кірпіштер тағы басқа  өндіріледі.

Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 453928 гектар, оның ішінде суармалы 5484 гектар, тәлімі егістік 5484 гектар, көп жылдық екпелер 98 гектар, шабындық 16018 гектар жайылым 423682 гектар жер учаскелері.

Талас ауданы Мойынқұм, Сарысу, Жамбыл және Жуалы аудандарымен және Оңтүстік Қазақстан облысымен шектеседі.

         Жоспардың мақсаты: жайылымдарды басқару және оларды пайдалану.

Жоспардың іске асыру мерзімі: 2017 жылдың қараша айынан бастап 2018 жылдың аяғына дейін.

Жүктеу