«ҮКІЛІ АРУ – 2018»

02.03.2018

Аудандық «ҮКІЛІ АРУ – 2018» атты сұлулық байқауының

АҚПАРАТЫ

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының «адами капитал- жаңғыру негізі» атты жетінші бағытындағы «Ұлттың әлеументін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. Рухани жаңғырудың мән- маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, әрі жаhандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс.» деген міндеттері аясында тәлім- тәрбиелік жұмыстарды жүргізу аса қажет. Басты мақсатымыз – Ұлы дала елінің мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын, өнегелік қасиеттерін бойына сіңрген парасатты иманжүзді қызды тәрбиелеу бүгінгі заманауи қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі болып табылады.

Осы мақсатта 2018 жылдың 28ақпан күні «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Үкілі ару – 2018» атты аудандық сұлулық байқауын ұйымдастырды. Іс-шараны ашып сөз сөйлеген Талас ауданының құрметті азаматы, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрал Қошанұлы Нүрпейсов  бүгңнгң өткізіліп отырған «ҮКІЛІ АРУ»  сұлулық байқауының тәрбиелік құндылықтары мен қазіргі жас қыздардың мәртебесін көтерудегі маңызы зор деп, байқауға қатысып, бақтарын сынап отырған барлық үкілі жас аруларға сәттілік тіледі.

Аталған байқауға ауданымыздан 10 бұрымды қыз бақтарын сынап, нәтижесінде  бас жүлдені «Үкілі ару» марапатына Ойық ауылдық округінің Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мұхтар Жұлдызай Нұржанқызы иеленсе, І-орындыА.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының оқушысы Алтынбекова Маликаханым, ІІ-орынды  Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушысы Тұрдияр Меруерт Жасұланқызы, ІІІ-орынды Қызыләуіт ауылдық округінің М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Оразбек Алтын Маратқызы иеленді. Басқа да қатысушы ару қыздарымызға номинациялар мен алғыстар тапсырылды. Барлық орындарға арнайы жүлделі орындармен қоса, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

 

 

Бақытжан Койшыбеков

                            «Жастар ресурстық орталығы»

КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы