«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы «___» ________№ _____ бұйрығына анықтама-негіздеме

 

Р/с Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпараты
1. Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
2. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 қаулысына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 177 қаулысына сәйкес келтіру

 

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер Жоқ
4. Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме Көзделмейді
5. Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен, Қазақстан Республикасы Информация және коммуникация министрлігімен және облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдармен келісілді
6. Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетітің  www.sport.gov.kz интернет-ресурстарында орнастырылған
7. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер Талап етілмейді
8. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) Жоқ
9 Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер Жоқ
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысы (——– №–хаты)
11. Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Қоғамдық кеңестің ұсынысы (—— № —хаты)
12. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер 2017ж. 13.04. орналастырылған  (есеп ———–)

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

Заң қызметі департаменті директорының

міндетін атқарушы                                                                    Ә. Төлегенқызы