Мәңгілік ел болашағы-тәрбиелі де білімді ұрпақ

27.02.2018

Мектепке дейінгі  руха­ни- адамгершілік тәрбие  балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастырады. «Ағаш  түзу, әдемі  болып өсу үшін  оны көшет кезінде баптау керек, ал, қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың», – деп бекер айтпаған дана халқымыз. Міне, сондықтан да, баланың бойына адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық,  кішіпейілділік сияқты жақсы қасиеттерді  дарыта отырып,  әлемнің да­мы­ған 30 елінің қатарына қосылу үшін ақылды да білімді, жаһандану заманында тәуелсіз елін, туған жерін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын  тәрбиелеуіміз қажет.

Бала бойына өнегелі тәр­бие мен  білім беретін ошақ-Елбасымыздың бастамасымен «Балапан» бағдарламасы ая­сында ашылған  мектепке дейін­­гі  шағын орталықтар.Осын­дай орталықтардың бірі қаламыздағы Д.Нұрбалтаев бас­қарып отырған, болашаққа бой түзеген,   қоғам дамуына сай білім беру керуенінің көшін бастап келе жатқан білім ордасы  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия жанынан 25 балаға арнап ашылған  шағын орталық. Біздің шағын  орталық Қазақстан Республикасы жалпыға міндет­ті мемлекеттік білім беру стан­дарты, жаңартылған бі­лім беру мазмұны бойынша Үл­гілі  оқу бағдарламаларын басшылыққа алып,балалардың сөздік қорын, тіл байлығын халық педагогикасының эле­мент­тері  (ойын, жұмбақ жа­ңылт­паш, көркем сөз, ертегі, мақал-мәтелдер) арқылы қа­лып­тастырып, рухани-адамгер­шілікке тәрбиелеу та­қыры­бымен жұмыс істейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласын іске асы­ру мақсатында гимназия жанындағы шағын орталық жоспар бойынша ата-аналармен бірлесе «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым»  ертеңгілігі, «Қазақстанның табиғаты» та­қырыбында суреттер көрмесі, «Туған жер деп жырлаймын» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы, «Менің сүйікті қалам» тақырыбында ашық  оқу қызмет­тері сияқты бірнеше іс- шаралар өткізді.

Әрбір іс- шараны өткізудегі мақсатымыз – өскелең ұрпақ­тың  бойында рухани адамгер­шілік қасиеттерді, ата- бабалары­мыздың тәуелсіздік жолындағы  сан ғасырлық арманын, ұлан байтақ жерін қорғап, осындай тыныш, бейбіт өмірге жеткізген бабалар ерлігін, даңқты іс­те­рін үнемі насихаттау, тү­сіндіру болып табылады. Сонымен қатар, тарихи тұлға­ларға еліктеуге, Абай атамыз айтқандай, «болмаса да ұқсап бағуға» бағыттау, салт-дәс­түрін қастерлеуге,  отбасын, отбасылық дәстүрін, Отанын, елін, жерін, оның әрбір сайы мен тасын, тауы мен өзенін, туған  қаласын оның тарихын, көрікті жерлерін білуге, оның табиғатын  сүюге, оны қорғап, аялауға яғни, туған жерге деген сүйіспеншілік патриоттық се­зімге тәрбиелеу міндетіміз деп санаймын. Мағыналы да мәнді іс-шаралардың ұйытқысы болып жүргенін -саз жетекшісі Сәрсенби Көпешбаев және Ақмарал Маликова, Меруерт Оспанова, Орынкүл Лесова сияқты жоғары білімді, жа­ңа­лық­қа жаны құмар, ізде­нім­паз шағын орталық тәрбие­шілерінің «Тәуелсіздік», «Ас­­та­на», «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» ұғымдарын өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, «Мәңгілік Ел» ұрпағын  тәрбиелеуде еңбектері зор.

 Гульбайра Байгисиева,

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия 

жанындағы шағын  орталық әдіскері