Талас ауданы әкімдігінің бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдерімен 2018 жылдың 3 айында және 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша анықтама

Талас ауданы әкімдігінің бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдерімен 2018 жылдың 3 айында көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша талдамалық анықтама

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша Қаратау қаласы және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, аудан әкімдігінің бөлімдері тарапынан қызмет көрсетеді.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғаларға 10264 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 17 түрі бойынша 1395 өтініш мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған, тікелей мемлекеттік мекемелерде қағаз түрінде 8443 қызмет және электрондық түрде 426 қызмет көрсетілген.

Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары арнайы стендтерге орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер тарапынан тұтынушыларға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің ресми talas.zhambyl.kz сайтында мемлекеттік қызмет атты арнайы тарау ашылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын, электронды қызметтерді пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтар және мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелері және жария талқылауға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобалары (облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме орналастырылған) және шағым жасау тәртібі туралы нұсқаулық орналастырылған.

 

Талас ауданы әкімдігінің бөлімдерімен, қала және ауылдық округ әкімдерімен 2017 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша талдамалық анықтама

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша Қаратау қаласы және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, аудан әкімдігінің бөлімдері тарапынан қызмет көрсетеді.

2017 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғаларға 46249 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 15 түрі бойынша 9926 өтініш мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған, тікелей мемлекеттік мекемелерде қағаз түрінде 34688 қызмет және электрондық түрде             1635 қызмет көрсетілген.

Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары арнайы стендтерге орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер тарапынан тұтынушыларға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің ресми talas.zhambyl.kz сайтында мемлекеттік қызмет атты арнайы тарау ашылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын, электронды қызметтерді пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтар және мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелері және жария талқылауға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобалары (облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме орналастырылған) және шағым жасау тәртібі туралы нұсқаулық орналастырылған. Ағымдағы жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесін арттыру бойынша қала және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен 67 түсіндірме іс-шаралары (дөңгелек үстөлдер, жиындар және газетке шыққан мақалалар)  өткізіліп, жүргізілген түсіндірме іс-шараларына барлығы 4008 адам қатысқан. Сонымен қатар, Қаратау қаласы әкімі аппараты тарапынан қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 500-ге жуық ақпараттық парақшалар таратылды.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне байланысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер бар.

Олар:

  1. «е-лицензия» ықпалдастырылған жүйесіне «Сервисная компания «Сапа стандарт» ЖШС «іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша өтініш түскен. 22.05.2017 жылы ықпалдастырылған жүйесі белгісіз себептермен жұмыс істемей, өтініш бір күн кешіктіріліп, яғни 23.05.2017 жылы жабылды. Ағымдағы жылдың 02 мамыр – 02 маусым аралығында аудандық жер бөлімінің басшысы еңбек демалысында болуына байланысты, міндетін атқарушы Әбдіғаппар Нұрланға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылды.
  2. «е-лицензиялау» ЫАЖ-не жеке кәсіпкер «Мыхаев Ж.» (директоры Мыхаев Жаукашты Боданович) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша электронды түрде 31.05.2017 жылдың сағат 11.03 өтініші келіп түскен. Аудан әкімінің кеңсесі жеке кәсіпкер «Мыхаев Ж.» өтінішін 06.06.2017 жылы «е-лицензиялау» базасына тіркеп, аудан әкімі Б.Рысмендиевтың ықпалдастырылған базасына электронды түрде жолданған. 06.06.2017 жылы аудан әкімінің «е-лицензиялау» жүйесінен электронды резолюция қойып аудан әкімдігінің жер бөлімінің басшысы К.Нұрбековке жолданды (К.Нұрбеков еңбек демалысында болуына байланысты, міндетін атқарушы Н.Әбдіғаппар). Аудандық жер бөлімінің қызметкерлерінен 13.06.2017 жылы жеке кәсіпкер «Мыхаев Ж.» «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша толық құжаттар тізбесін ұсынбауына байланысты (атап айтқанда: іздестіру жұмыстары жүргізілетін жер телімінің сызбасы (схемасы), мемлекеттік тіркеу куәлігі болмауы) Ж.Мыхаевтың өтінішіне бас тарту жасалынды.

Алайда, аудан әкімінің кеңсесі қабылданған шешім жөнінде хабарланбады. Осыған байланысты, Ж.Мыхаевтың өтініші аудан әкімінің «е-лицензиялау» ЫАЖ арқылы Ж.Мыхаевқа 16.06.2017 жылы толық хабар берілді. Яғни, үш күнге кешіктірілді.

Қазіргі таңда «е-лицензиялау» ЫАЖ айналысатын лауазымды тұлғалар (кеңсе бас маманы- А.Кенжебаева, жер бөлімінің басшысы- К.Нұрбеков, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы- бос орын) атқарған қызметтерінен босатылған (басқа жұмысқа ауысуына және зейнетке шығуына байланысты).

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ХҚКО Талас аудандық филиалына 13.08.2017 жылы 880101499086 Хожамуратова Гулдерай Алтынбаевнадан «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет бойынша өтініш түсіріліп, Қаратау қаласы әкімінің аппаратына орындау үшін жолданған. өтінішті көрсетілген мерзімде орындамағаны үшін (2 күн кешіктіріп, 25.08.2017 жылы жабылды) қала әкімі аппаратының бөлімше басшысы Архабай Манапович Махадиевке сөгіс түрінде тәртіптік шара қолданылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19. (Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жәрдемақысы)