Жетілдіру жөнінде шаралар белгіленді

 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында   аудан  әкімі аппаратының  басшысы, әдеп жө­ніндегі уәкіл Ұлан Бауыржанұлы Алтынкопов Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің 2015 жылғы 29 желтоқ­сандағы №153 Жарлығына сәй­кес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдепті­лік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы семинар-кеңес өткізді.

Жиында Ұлан Бауыржанұлы:

– Қазақстан Республикасы­ның мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілі­гін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде берілетін «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын (pocketbook) әзірледі. Нұсқаулықта мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған және олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайлары туындаған сәтте қалай өзінің құқықтарын қорғауға және қайда жүгінуге болатыны жөнінде мәліметтер көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдік-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатынын атап көрсетеміз.

Осыған орай, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын алу мақсатында аталған нұсқаулықты мемлекеттік қызметшілер арасында тарату керек, – деді.

Семинар – кеңесте   Ұлан   Алтынкопов Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсініктеме беріп,   мемлекеттік қызметшілердің берген сұрақтарына жауаптар берді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда 6-11-83 телефонына хабарласуға болатынын хабарлады.