Сапалы қызмет сенімді арттырады

27.02.2018

Нарбол Қашаған, «Талас тынысы»

Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет іс­те­рі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл Агент­тігінің Жамбыл облысы бойынша де­партаменті бас­шысының орынбасары Нұрлан Еркебаев халыққа қызмет көрсететін мекемелерде болып, тұрғындар­дың талап-тілектері бойынша жеке қабылдау өткіз­ді. Алдымен  «Халыққа қыз­мет көрсету орталығына» бас сұққан Нұрлан Тәңірбергенұлын көрсетіліп отыр­­ған қызмет түр­ле­рімен таныстырған мекеме бас­шысы Ахан Рымтаев атқарылуға тиіс алдағы жоспарларын жеткізді. Жеке қабылдау барысында аза­маттардың өтініштерін тыңдаған Нұрлан Еркебаев қажетті құжаттарға қол жеткізудің жа­­ңа жүйе­сі жайын­да түсіндіріп өтті. – Мектеп, балабақша тағы басқа көптеген   мекемелер   талап ете­тін мекен-жай туралы анық­таманы азайту жағы қолға алынып отыр. Керек құжатты мекеме сіздің рұқсатыңыз арқылы алуына болады. Ол үшін мобильді телефоныңызға өзіңізді тіркеуіңіз тиіс. Сонда ғана барлық сұраныстар телефоныңызға SMS түрінде келіп түседі,-деді.

Мұнан соң, Н.Еркебаев аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығы басшыларымен кездесіп, жаңа фор­маттағы атаулы әлеуметтік көмектің іске асырылу барысы сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайын сұрады. Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, тиісті жауаптарын берді. Одан кейін аудандық ішкі істер бөлімінде  болып, қызметімен танысты.

Жұмыс сапары соңында Нұрлан Еркебаев бас­тауыш партия ұйымы төрағаларының қаты­суымен жиын өткізіп, жүзеге асырылуы тиіс міндеттер жайында түсіндірді.