Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы

«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

 

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-ден 17:00 дейін Тараз қ-сы, Қойкелді к-сі, 214 мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:

  • белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
  • 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
  • қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
  • зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

 

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

 

Төлемдер – қор жинаудың жемісі

 2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында  биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді. Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады. Бұл  салымшылардың көпшілігін толғандыратын маңызды тақырыптардың бірі екендігі белгілі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрине, осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсіз.

Ал, қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есік күні шарасына қатыса отырып, кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.

 

«Салымшылардың көпшілігі зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері туралы білуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі мен зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда оларды сақтандыру ұйымдарына аударға болатындығы жайында тіпті бейхабар. Одан басқа, өмірде әр түрлі жағдайлар орын алады емес пе!? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды. Сондықтан, біз тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғыстыру қажеттігін көріп отырмыз», — деді «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл областық филиалының мамандары.

 

Зейнетақы төлемдерін алу құқығы, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың заманауи тәртібі және оның болашақта қандай өзгерістерге ұшырайтындығы туралы Қор мамандары өздерінің 29 қыркүйектегі шара аясында өткізетін таныстырылымы аясында жан-жақты әңгімелейтін болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары осы таныстырылымнан кейін өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады.

Естеріңізге сала кетелік, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есік күні шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткізілген болатын. Оның басты тақырыбы «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталды. Ал, «Барлық салымшыға қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбына арналған екінші шара 30 маусымда өткізілді. Зейнетақы Қоры әр түрлі тақырыпқа арналған осындай шараларды алдағы уақытта да үш ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.