Жаңғыру жолындағы жаңа бастама

06.04.2018

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Президент­тің бес әлеуметтік бас­та­масы» атты Үндеуі жаңғыру жолына түс­кен қазақстандықтарға тың күш беріп, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.

Тарихи құжатта халықтың әлеуметтік жағдайын, әлеуметтік бірлігін нығайту жағы толық қамтылды деуге болады. Бәрі де өзекті, бәрі де заман талабынан туындаған бастама.

Пәтер  мәселесі   елімізде әлі  де түйіні   ше­ші­ле қой­ма­ған жағдай. Сол себепті де, Е­л­басы осы жағына айы­рық­ша назар ауда­рып отырғаны баршамыздың   көңілімізге жы­лылық ұялататыны белгілі. Біздің Қаратау қаласы­ның өзінде мыңға жуық отбасы пәтер кезегінде тұр. Енді солардың барлығына   мол мүмкіндік  туып  отыр. Ол үшін «7-20-25» атты президенттік бағдарлама  жүзеге асырылмақ.  Осы бағдарлама бойынша  жұ­мыс   істейтін адамдарға 7 пайыз мөлшерінде 25 жылға  ипотекалық  несие  берілетін бол­ды. Бұл кімге де болса, көп жеңілдік.

Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революция дәуі­ріне, технологиялық өзгерістер кезеңіне аяқ басқан уақытта терең білім, білікті мамандарға сұраныс арта түспек. Ол үшін жоғары да сапалы білім алудың қолжетімділігін қарастырған  жөн. Техни­калық маман­дыққа сұраныс артып отыр. Жыл сайын бөлінетін           54 мың грантқа тағы  қосымша 20 мың  грант бөлінбек, оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға тиесілі болмақ. Бұл дегеніңіз – адами капиталға, жаңа дәуір сұранысына қосылған үлкен   үлес екені даусыз.

Қорыта айтқанда, бес әлеуметтік бас­тама – халқымыздың игілігін арттыра отырып, мемлекетіміз­дің тұрақты дамуы жолындағы Ұлы мақсаттарды қамтамасыз ететін теңдесі жоқ, ерекше серпінді жоба.

Жақыпжан Әбілдаев,

аудан әкімдігі тұрғын үй инспекциясы

бөлімінің басшысы.