МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАhАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 2017 ЖЫЛҒЫ 31 ҚАҢТАР ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша атқарылған үгіт-насихат жұмыстары  туралы АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, атқарылуда.

Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы                   31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметі Бағдарламаларының іске асырылуы барысын халық арасында түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы    1 ақпандағы   №59-ө өкімімен, құрамында аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппараты мен депутаттарының, аудан әкімдігі бөлім және мекеме басшылары, барлығы 70 мүшеден тұратын  14 ақпараттық топ құрылып, Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде  үгіт – насихат жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылдың ақпан-қараша айларында Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы                           31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойыншаоблыстық ақпараттықтоптар аудандағы қала және ауылдық округтерде 24кездесуөткізіп, 4500 адамға жуық тұрғындарды қамтыды.

Ал, аудандық деңгейдегі ақпараттық топтар 135 кездесу өткізіп, барлығы 19500-ға жуық адамды қамтыды.

Ақпан-қараша айларында аудандық «Талас тынысы» газеті беттерінде Жолдау  бойынша 55материал жарық көрді.

 

 

Үш тілді білу – заман талабы

Ықылым заманнан бе­рі қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарих­тан белгілі.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тіл­ді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан, біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұл­ға­ға ай­налатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қа­зір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.

Сондай – ақ, Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үш тұғырлы тіл  саясатына, оның ішінде, қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін  көтеру мәселесіне ерекше тоқталған.

Үш тұғырлы  тіл  саясатын дұрыс түсінгеніміз абзал. Біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс бағыт. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұр­ғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.

Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жаны­на сүйеу, рухына  тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік  тіл  мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлт­тық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орай­да түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншілікте­рін барынша пайдалану – еліміздің әрбір аза­­матының абы­ройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің не­гізі – тілде. Кез кел­ген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі, ары мен ұяты, қа­зына – байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі  сан мыңдаған  ұлттардың  ішінде тек қа­зақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.

Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнары. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.

Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.

Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын!

Құрылыс-экономиканың локомотиві дейміз.Құрылысты сәулетті, сапалы, әрі дер кезінде жүргізу үшін бізге, құрылысшыларға, үш тілді білу  аса қажет.

Құрылыстың архитектуралық және жұмысшы жобалары жасалған кезде орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі терминдер көптеп кездеседі.

Егер ағылшын және орыс тілін жетік білмесен құрылыс жобасының сызбасын, сметасын оқи алмайсың, қандай құрылыс материалдарын, конструкцияларын пайдаланып жатқаныңды жете білмейсің, тіпті түсінбейсің десе де болады.

Үш тілді білу заман талабы екенін әрбір құрылысшы, әрбір инженер-техник қызметкерлері, осы саламен айналасатын әрбір мемлекеттік қызметкерлер басты назарда ұстауы тиіс.

 

С.Тілегени,

Қазақстанның Құрметті құрылысшысы,  

аудандық сәулет,  қала құрылысы және  

құрылыс бөлімінің қызметкері.

 

 

 

Жемқорлық – індет…

Барша қоғам мүшелерінің міндеті

 

Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге  қабі­леттілік» атты Жолдауында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, жемқорлыққа қарсы күрестің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өткен болатын.

Жолдаудың 5 басымдығы инсти­туцио­налдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы  бағытталған.

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларды реттейтін 2015 жы­лы 18 қарашада «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдың  1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген болатын. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қо­ғамдық қатынастарды реттейді жəне Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға арналған. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексі жəне Əдеп жөнiндегi уəкiл туралы ереже бекітілді. Əдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің əртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық барысын, яғни жұмыс кезінде əріптестерімен, қарамағындағылармен, басшылықпен қарым-қатынасты орнату, жұмыстан бос уақыттардағы мінез-құлқын анықтайды.

Жемқорлықпен күресу тек мем­лекеттік органдар ғана емес, барша қоғамның борышы мен міндеті. Барлығымыз қоғам болып бірігіп, аталған дерттің жолын кесуге атсалысайық.

 

Гүлдана Байдилдаева,

Қаратау қалалық әкімі

аппаратының бас маманы.

 

 

 

Бақытты болашақ білімге байланысты

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси –экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Білім –қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.Сондықтан да, мемлекетіміздің білім саласын дамытуға бағытталған барлық іс-шараларының бастамашысы да орындаушысы да, саралаушысы да –педагогтар. Педагогтік шеберлік – дарынды талант ғана емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденісі, қабілетті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет.

Ұстаздардың біліктілігі жоғары, кәсіби дайындалған құзіретті маман болуы бүгінгі күннің талабы деп түсінемін. Жаңа ғасырда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Заман ағымына ілесіп, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу- барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Сондықтан, жаңаша басқаруды меңгеру үшін мен әлемдік деңгейдегі біліктілік арттыру курсында дәріс алуым тәуелсіз еліміздегі болып жатқан тың жаңалық деп ойлаймын. Үйреншікті әдіс –тәсілдер баланы қызықтырмайды, сондықтан қайткенде баланың ойына серпіліс енгізуді мақсат етіп қойдым. Сан алуан іс-әрекет арқылы жетілдіру, жеке тұлғаның топ ішінде өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік екендігін де түсіндім.  Ұстаздық ету – тынымсыз еңбек, таусылмас төзім мен шынайы сезім бірлігі.

Бүгінгі таңда жаңа мектепке- қазіргі заманғы мұғалім қажет. Білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтерумен жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін , білгір иесі болуы керек.

Бақытты болашақ білімге байланысты болса, еліміздің Мәңгілік ел болып қалануы алдымыздағы болашақ ұрпақтың еншісінде. Сондықтан, аянбай тер төге отырып, еңбек ету- ұстаздардың борышы. Сөз соңында Ы.Алтынсариннің: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер –ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады», деген ойымен пікірімді қорытындылағым келеді.

Сәбит Төленді,

Ақкөл орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі.

 

 Ономастика

Кісі есімдерін беруге шектеу қойылды

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» – деген болатын.

Қазіргі таңда, көшелердегі көрнекі ақпарат құралдарындағы жазулар мен мекеме маңдайшалары да елді мекеннің келбетіне үлкен үлес қосары сөзсіз. Сыртқы көрнекі ақпарат кез келген өңірдің сауаттылық бет-бейнесін айқындап, сол өңір халқының мемлекеттік тілге, тіл саясатына деген құрметін білдіретіні анық. Бұл ретте жазулардың сауатты,  әдемі, айшықты жазылуымен қатар тілдік ереже талаптарына сай қолданылуы да маңызды.

Ұлттық ономастикаға сәйкес, тәуелсіздік алған жылдан бері ауданда   атау беру бойынша біраз жұ­мыстар атқарылғандығы белгілі. Алайда аудан көлемінде идеологиялық тұрғыдан мән-мағынасы ескірген көшелер  әлі де болса кездеседі. Осы көшелердің атауын өзгерту аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың негізгі міндеттерінің бірі.

Аудан көлемінде-286 көше бар, оның ішінде тарихи тұлғалар атымен – 98, топонимикалық атаумен – 20 аталады, 99 көшеге кісі есімі, 22 көшеге  жаңа атау берілген, 2 көше ру атауымен, 36  көше атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген.

Сондай-ақ, ауданда 17 бұрылыс, 1 тұйық көше, 2 мөлтек аудан, 4 саяжай кооперативтері, 3 гараж кооперативтері бар.

Қазақстан  Республикасы  Президенті Әкімші­лігінің басшысы Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы                                                                                                                                  2 наурыздағы №17-388-5 бұрыштамалық тап­сырмасына сәйкес, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктер және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылғандығы туралы тапсырмасы бар. Осыған байланысты әрбір азамат аталған тапсырмаға түсіністікпен қарағаны жөн деп санаймын.

 

Д.Талғатов,

аудан әкімдігі мәдениет және  тілдерді

дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Есеп

Нақты шаралар жүзеге асуда

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің  2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жыл­дарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №434 қаулысымен Талас  ауданында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қара­шадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізінде Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы №335 қаулысымен аудандық комиссияның құрамы белгіленіп, аудандық мәслихаттың сессиясында қаралып, шешім қабылданды. Есепті мерзім ішінде аталмыш комиссияның 3 отырысы (2015 жылы- 4 отырысы) өткізілді.

2016 жылы барлығы- 1011, оның ішінде:  заңды тұлғалардан-588, жеке тұлғалардан-423 өтініш түсті, ал жеке қабылдауларда-51 азамат болды. Келіп түскен өтініштер уақытылы қаралып, жазбаша жауаптары берілді. Осы түскен өтініштердің мүмкіндігіне қарай түгелге жуығы қанағаттандырылды. Сонымен қатар, аудан әкімі айына бір рет аудан тұрғындарын жеке сұрақтармен тұрақты қабылдау жүргізеді. Қабылдау күнінің уақыты және күні аудан тұрғындарын алдын ала хабардар ету үшін аудандық «Талас тынысы» газетінде тұрақты жарияланды.

Есепті мерзімде ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Жемқорлық-жегі құрт», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықсыз болашаққа», «Жастар жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды» тақырыптарында 6  дөңгелек үстел отырысы, 1 пікір сайыс көрмесі, 1 дәріс, 3 әңгіме, 2 кездесу, 4 семинар ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар туралы аудандық «Талас тынысы» газетінде аудан тұрғындарына кеңінен насихатталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудан көлеміндегі мекемелерде арнайы плакаттар ілінген. Сондай-ақ, қала және ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ілінген үгіт насихат құралдары (билборд) саны -15 (2015 жылы – 5 билборд).

Аудандық «Талас тынысы» газетінде арнайы айдарлар (Жемқорлық-індет, жою міндет және т.б.) ашылып, тұрақты түрде мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша ауданда атқарылып отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында аудандық «Талас тынысы» газетіндегі тұрақты айдарда 33 мақала жарық көрді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап 49 қызметкер мемлекеттік әкімшілік қызметтен босатылды, оның ішінде 15-і өз қалауы бойынша, 19-ы басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, 5-і Жамбыл облысы бойынша Әдеп Кеңесінің шешіміне сәйкес, 1-і сот үкіміне сәйкес, 9-і зейнет жасына жетуіне байланысты.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1 тар­мақшасына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен беріледі.

2016 жылдың 28 қыркүйек айында Қаратау қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 1365 мұқтаж азаматтар тіркелген.

Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген. Жоспарда мекеменің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы айдарын ашып (сайттары бар мекемелер жаңалау), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттарды (Стратегия, жаңадан қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мәтіні, осы бағытта өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер) орналастыру, мемлекеттік орган ғимаратында арнайы арыз-шағымдар жәшігін, азаматтарды қабылдау кестесін, сенім телефоны туралы ақпараттық стенд орналастыру, мемлекеттік орган басшысы тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде телеарна және радиобағдарламалар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар, сұхбаттар жариялау, мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жариялау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыптарында құқықтық оқытулар (дөңгелек үстел  отырысы, семинар, дәріс, кездесулер және т.б.) ұйымдастыру, 9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастыру сияқты іс-шаралар қарастырылған. Жоспардағы мәселелер комиссия отырысында қарастырылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың  12 айында 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты  2 қылмыстық іс қозғалды.

 

Айнаш Майкенова,

аудан әкімі аппаратының бас маманы.

 

Бастауыш ұйым-партия негізі

 Тәуелсіз еліміздің  бүгінгі биігі мен бағындырған белестері мемлекет мүддесін ойлаған  азаматтардың бі­лімі мен белсенді ісінің нә­тижесі. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жетек­шілік ететін «Нұр Отан» партиясы жанындағы бас­тауыш партия ұйымына артқан міндеттер мен ат­қарып жатқан ауқымды жұмыстары жайында айтпай кетуге болмас. Жарқын болашақтың жаршысы ре­тінде аталған ұйым батыл бастамаларға мұрындық бо­лып келе жатқандығы бар­­шаға аян. Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевтың жыл сайын дәстүрлі түр­де Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туын­дайтын міндеттер көбіне-көп осы партия өкіл­дерінің атсалысуымен жү­­­зеге асып жатады. Пар­тияның әрбір мүшесі мүм­кіндіктеріне қарай ел дамуына үлес қосып, аянбай қызмет етуде. Болашаққа негізделген Елбасы бағдар­ламаларындағы мақсат- мін­­деттер, партия   жұмысының негізгі өзе­гі десек, жүктелген жауапкер­шіліктерді жүзеге асыруда партия ұйымдары ел ісінде сырт қалған емес. Бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының жос­пары жүйе­леніп, қызметтің жа­ңа бағыты қалыптасқан. Сонымен қатар, ұйымның жоспары нақтыланып, озық шешімдерді қолдану жолға қойылған. Жұмыстың жаңа жүйесі бұл тарапта халықпен етене араласып, бірлесе іс жасауға өз септігін тигізуде.

«Мәңгілік Ел» жалпы­ұлттық идеясы негізінде кемел келешекке мақсатын айқындап, межесін белгі­леген. Егеменді еліміздің ертеңі халық қолдаған партиямен бірге жасайды десек, бастауыш партия ұйым­дары жұмыстарына бірлесе атсалысайық. Ел ісінде еңбегіміз еселі болғай!

Мақсат Қазанғапов,

«Нұр Отан» партиясы «Авангард»

бастауыш  партия ұйымының төрағасы, лицей директоры.

 

 

  Міндеттер мінсіз атқарылуы тиіс

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасы жақсылыққа жаны құмар көп адамға ой салғаны жасырын емес. Елбасының алға қойған басым бағыттарын жете түсінген, жүрегі жомарт жандар, өз өлкесіне деген қамқорлық, қайырымдылық шараларын бастап та кетті.

Бүгінгі таңда ауылдық жерлерді қолдау мен оны дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты боп саналады.

Аудан жұртшылығына арналған аудандық ардагерлер кеңесінің  Үндеуін оқи отырып, одан түйгеніміз, ауылымыздың өсіп-өркен­деуіне, гүлдеуіне өз үлесін қосып жатқан азаматтардың ауыл­дың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізіп жатқан игі істерінің куәсі болдық.

Осы алдыңғы буын ағалардың жасаған игі жақсылықтарын ке­лешек жастарға үлгі ету. Оларға туған жерлерін қастерлеп,  қорғау өз қолдарында екенін айта отырып, ауыл ақсақалдарының көтерген Үн­деуін бір кісідей қолдап, өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.

Сөз соңында айтарым, жастар – жердің, елдің иесі. Олар қазақ елі­нің ру­хани тәуелсіздігінің  биік тұғыры екенін   естен шығармайық.

Ақкөл ауылының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жаны жайсаң азаматтарға «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, осындай сауапты іс жасап, өз өлкесінің өткені мен болашағын ұмытпай, көмек қолын созғандарына мың алғыс айтамыз!

Динара  САДИБАЕВА,

Ақкөл орта мектебінің

қазақ тілі пәні мұғалімі.

 

Отанды сүю туған жеріңді құрметтеуден басталады

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақаласы  – қоғам  тара­пы­нан, халық тарапынан қызу талқыланып жатқан  өзекті еңбек.  Себебі, қоғамдық ой өрбітудегі  әсе­рін былай қойғанда, мақаланың  халқымыздың  өткенін бағалап,  рухани құндылықтарын  басты  бағыт  ретінде  сақтап,    озық елдермен  қатар бо­ла отырып, ұлттық кодын   белгілеуде  мәні мен ма­ңызы аса зор.  Демек,  Елбасының бұл мақаласы  -ұлтымыздың  даму жоспары.

Мақаладағы таяу жылдардағы міндеттер ре­тінде көрсетілген  «Туған жер» бағдарламасы – кез – келген қазақ баласының  жүрегіне жылы тиер бағдарлама.  Елбасымыз айтқан «Туған жеріңе туыңды тік»  атты қағидасы  әрбір қазақ азаматына  таныс,  жастайынан құлағына сіңісті.  Себебі әр­кімге өзінің туған жері ыстық. Қазақ үшін кіндік қаны тамған жер,  өскен орта, қалыптасқан жер, атамекен ұғымдары  киелі болып саналады.  Сон­дықтан да, олар   шамалары келген кезде   туған ауылының, мектебінің игілігі үшін   қолдарынан келген  көмектерін жасауға ұмтылады.

Осы орайда Ойық ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы  орта мектепті бітірген түлектердің  ауыл үшін, мектеп үшін  жасаған игілікті істерін  атап өту­ге болады. Мәселен,  1996 жылғы мектеп бітірген түлектер мектепке заманауи қоршауы­мен аллея  жасап, игі іс атқарса, 1997 жылы мектеп бітірген түлектер  ауылдын орталық  мешітін  түгел күр­делі жөндеуден өтікізіп, ай­наласын абаттандырды. Мұндай істер  ауылдың көріктенуіне қосылған  аз ғана үлес болса да,  өскелең ұрпаққа  өнеге  боларлық  мәні зор еңбектер.

Талас ауданы ардагерлер ұйымының  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаң­ғыру» еңбегін насихаттау мақсатында  қа­былдаған үндеуінің әрбір қағидасына келісеміз.  Өз мектебін, өз туған ауылын, оның тарихын жетік білетін,   туған ауылынан шыққан  танымал тұлғаларды  өздеріне өнеге ететін  ұрпақтарды тәрбиелеу, олардың жүрегіне  туған жерге деген  мақтаныш,  сүйіспеншілік сезімдерін  ұялату  білім беру орындарының назарындағы  басты  мәселе. Туған ауылымыздың  әрбір тасына құрметпен қарау,  тазалығына  аса мән беріп, көріктендірілуіне үлес қосу  әрқайсысымыздың   міндетіміз.

Мектебімізде Елбасының   аталған еңбегіндегі мәселелерді іске асыру, насихаттау  мақсатында да  көптеген іс-шаралар жоспарланып өткізілуде.

Сайып келгенде, рухани жаңғыру – ХХІ ғасырдағы қазақ балаларының  өз ұлтын сүйіп,  мақтан етуіне  мұрсат беретін  ең басты құндылық.

Ж.Төлеу,

Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп.

Ойық ауылы.

 

                            

Ұлтттық мүдделерге ұмтылыс

 

Қамысбай Сауқымов, «Талас тынысы»

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында облыс әкімдігі мәдениет, ар­хивтер және құжаттама басқармасы мен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселе­ле­рі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухыңды ұлықта» акциясы өтті.

Шара барысында алғашқы сөз  кезегін алған облыстық «Руханият орталығының» экскурсоводы Айніл Абуәлі:

– Тараз қаласында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру”  атты  бағдар­ла­ма­лық мақаласына орай «Руханият ор­та­лығы» ашылды. Оның мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлтжанды аза­маттардың санасына сәуле түсіру, – деді.

А.Абуәлінің айтуынша, орталық  екі қа­бат­тан тұрады екен. Бірінші қабатындағы «Жыр алыбы – Жамбыл», «Ұлы Дала елі­міз», «Дала дарабоздары» көрмелерінде ұлы тұлғалар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері туралы естеліктер болса, екін­ші қабатында мәжіліс залы мен шағын кітапхана  және «Естелік кітабы» орналас­қан.

Бұл күнде орталыққа келушілер қарасы өте көп екен. Әркім өзіне керекті мәліметтерді алып, рухани байлығын толтырады.

Ал, Тараз мемлекеттік педагогикалық универси­те­тінің аға  оқытушысы, фи­лология ғылымдарының кан­дидаты Сейсекүл Исматова «Ұлттық салт-дәс­түрлер сабақтастығы. Ата­лар аманаты» тақы­рыбында тұщымды әңгіме­лер қозғады. Ұлттық код де­геніміз – ұлттық құнды­лық­тар екенін түсінді­ріп,  ұлттық  құнды­­лық­тар сипаты: салт-дәстүр, ше­шендік сөз­дер, жыр мен күй, қазақы тәрбие, ырымдар мен тыйымдар, қазақ менталитеті туралы жан-жақты әңгімеледі.

Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкері Арайлым Әбдуалиева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаладағы 6 жобаның бірі – «100 жаңа есім» жобасын тілге тиек етті.

Ол әр аудан тұрғындары еліне, жеріне қолынан келгенінше көмек жасап, бол­маса, рухани қолдау жасап жүрген айтулы азаматтарды осы жобаға кіргізуге болаты­нын түсіндіріп, «100 жаңа есімге» облыс бойынша 75 адам құжат тапсырып, оның 12-сі екінші кезеңге өткенін де айтып өтті.

Ал, облыстық «Кино орталығының» қызметкері Сайлаубек Беспаев Талас жеріне рух қонып, батырлар мен ақындар жай­лағанынан сөз    бастап,  жастар    мәселесіне тоқталды. Қазіргі жаңа бетбұрыстың бәрі нұрлы болашақтың тұтқасы болар жастар үшін жасалып жатқанын баяндап, дін мәселесіне де тоқталды.

Бұл акцияның мазмұны өте терең, тәрбиелік мәні зор болғанын айта кеткеніміз жөн.

 

Сәулелі сана болашаққа бастайды

Майтөбе  ауылында Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ламалық мақаласына орай жиын өтті.

Алғашқы сөз кезегін  алған ауыл әкімдігі аппаратының бас маманы  Ғани  Көшкінбаев  25 жыл ішінде ел экономикасы қарыш­тап дамып, халықтың болашаққа сенімі артқанын, ендігі кезекте сананы қайта жаңғырту мәселесі тұрғанын айтып;

– Латын әліпбиіне көшу-сайып келгенде ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын кеңейте түсуге ықпал етеді, – десе, оның әріптесі, ауыл әкімдігі аппаратының бас маманы Ербол Смайылов;

– Дүние жүзінде бүкіл ақпараттың 70 пайызы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, онда, латын әліпбиіне көшу- өмір талабы екенін түсінуіміз қажет. Уақыт сынынан өткен латын графикасын әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Қазақ-дарынды, тез бейімделгіш халық. Латын әліпбиін де тез меңгеріп алатынына сенімдімін,- деді.

Ал, ауылдық кітапхана мең­герушісі Жанат Сағындықова да өз ойын ортаға салды.

– Егемен еліміздің бүкіл дү­ние жүзіне танымал бол­ды. Енді рухани жаңғыру  міндеті алға қойылып отыр. Латын әліпбиі – ғылым  мен  техниканың, ғаламтор мен 1Т- технологиялардың  тілі. Латын  әліпбиіне көшкен жағдайда ақпарат  алу  мүмкіндіктері  кеңейіп,ғылымымыз  қарыштап  дамиды,- деді.

Сондай-ақ, осы  жолдардың  авторы да  өз  ойын  ортаға салды.

 Валихан Сағындықов,

Майтөбе ауылдық клубының меңгерушісі.

 

  

Бәсекеге қабілеттілік басты бағыт

“№14 Талас колледжінде”  өткен семинар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:  ру­хани жаңғыру» атты мақаласы тал­­қы­ланды. Колледж директоры  А.Тлекеева  өз сөзінде мақала  ұлтты біріктіруге бағытталған жаңа тарихи құжат болып табылатындығын атады. Дамыған елдердің озық тәжірибиесіне сүйене отырып, мақала «Мәңгілік Ел» идеяларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі, осы бағытта  азаматтардың бәсекеге қабілетті ұрпағын өсіруге әсерін тигізетіндігіне тоқталды.

Семинарға колледждің  қызмет­керлері қатысты. Семинар барысын­да  қазақ тілі пәнінің  мұғалімі  А.Сырғабаева, тарих пәні мұғалімі Х.Амиров, кітапханашы С.Төлепбаева, өндірістік оқыту шебері Р.Түлеуқұлова, оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахымберді Нұрымсейіт мақала бөлім­дерін жеке-жеке бөліп тал­қылады.  Оның ішінде Қа­зақ­стан­ның рухани жаңғыруы, бі­лім­нің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік пен  Тәуелсіздік алған жылдан бері атқарылған ауқымды жұмыстар әңгіме өзегіне айналды.

«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде тарихи-мәдени ес­керт­кіштері, «Халық тарих тол­қынында» – бағдарламаның шең­­бе­рінде тарихымызға және хал­қымызға қатысты аса маңызды құжаттар жинақталған.

Тақырып ауқымды. Айтылар пікірлер де  сан алуан. Алты басым бағыттан тұратын мақаланың негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту. Тек қоғамдық сананы жаңғыртып, халықтың ой-танымын өзгерткен кезде ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосылып, да­мыған отыз елдің тізімінен орын аламыз.

Іс-шараның соңында қатысу­шылар пікірлерімен бөлісіп, на­сихат жұмыстарын жүргізу жөнінде шешімдер қабылданды.

Сонымен бірге,  колледжімізде рухани жаңғыру орталығы ашыл­ғанын атап өткен жөн. Жетекшісі Орынкүл Жәли. Жауапты кол­ледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Ахметов. Рухани жаңғыру жұмыстарының тиянақты орындалуын колледж директоры Айман Дүйсенқызы үнемі өзі қадағалап отырады.

Орынкүл Жәли,

№14 Талас колледжі. Ақкөл ауылы.

 

 

 

Дамудың жоспарлы сатысы

 Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы  Назарбаев­тың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы  қазақстандықтар  алдына ау­қымды міндеттер қойып отыр. Бұл – қазіргі  әлемдегі  сын-қатерлерді  тара­зылап,  екшеп барып жасалған тарихи құжат болып отыр.

Жолдауда бізді елең ет­кіз­гені-білім беру  жүйесі мен әлеуметтік, денсаулық сақтау салаларының маңыздылығы­на айрықша тоқталу  болды. Ба­лаларды мектепке дейінгі  біліммен қамту, білім беру жүйесі  сапасына көңіл бөлу, білім беру  бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажеттігі тура­лы ойлары бұл саланың   қоға­мымызда алар орны өзгеше  екенін көрсетсе керек-ті. Қа­ла мен ауыл мектептері   ара­сындағы білім беру сапа­сы­ның алшақтығын азайту қа­жет­тігіне назар аударуы  да  бәсекелестік заманға орай дер ке­зінде көтеріліп отырған мәселе.

Осы міндеттерді жүзеге асы­ру үшін елімізге ішкі тыныштық керек. Мемле­ке­тімізге сырттан таңылып  отырған діни экстремизм­нің басты объектісі-жастар. Бұл проблемаға  ең алдымен, бү­кіл қоғам, мектеп, жо­ғар­ғы оқу орындары мен ата-аналар бетбұрыс  жа­сауы қажет. Ел іші тыныш болса, біз алмайтын қамал жоқ.

Сәуле Сағынбекова,

аудандық білім бөлімі

әдістемелік бөлмесінің меңгерушісі.

  

 

«Мәңгілік ел, қазақстаным!»

оқушылар мен жасөспірімдер фестивалі

Жақында  Ал­маты қаласында «Бейбітшілік әле­мі» Халықаралық Қазақ твор­чест­волық бір­лес­ті­гі­нің ұйым­дасты-руымен  “Мәңгі­лік ел, Қазақстаным!” тақырыбында    оқу­­­шылар мен жа­сөс­пі­рім­дер фес­тивалі болып өтті. Бұл фестивальге Қаратау қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің 4-а сынып оқушылары Нұрланұлы Елдос пен Нұрланұлы Жандос қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Нұрланұлы Елдос – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын орындап, «Көркемсөз» және «Күй» жанрын­да көрсеткен айрықша өнері мен дарынды қабілеті, рухани өркендеу   жолындағы еңбегі   үшін бас жүлде дипломымен және «Бейбітшілік әлемі»   төсбелгімен марапатталды.

Ал,  Нұрланұлы Жандос  өзіміздің Талас ауданының Құрметті азаматы, белгілі ақын Нарша Қашағанұлы­ның  Д.А.Қонаевқа арнап жазған «Армысың, алты алаш­тың ақсақалы» өлеңімен «Көркемсөз» жанрында 1-орын дипломымен және «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды.

Осы екі дарынды балаларымызға алдағы уақытта да үлкен сахна төрінен көріне берулеріне және Талас ауданы мен  Қаратау қаласының атын көкке өрлете берулеріне  шын жүректен тілектеспіз.

Нүрила Жақсылықова,

Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің

әлеуметтік педагогы.

 

Тағылымы  мен  тәрбиесі  мол  шара

Ел басына төнген кешегі қара түнек­тің көбесі сетінеп,  әділеттің ақ жалауы көтерілгелі бері  қазақтың ұлттық мәде­ниеті аспанында шуақты нұрын тө­гіп жарқырай жайнаған рухани кө­семдер туралы, олардың өмірі мен шы­ғармашылық өнері жайлы,  азаматтық болмысы мен қайраткерлік қарымы ту­ралы біраз дүниелер жазылып, көпке беймәлім көмескі жайлардың көзі ашылғандай. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай, рухани қазынамыздың ол­қы тұ­сының орны тола бастады. Негіз­гі тақырыпқа көшпес бұрын, тарих тұң­ғиығына батып мәңгі жоғала жаздаған Ахмет Байтұрсынұлы сияқты Алаш   ар­дагері арыс ұлыларымыздың  асыл еңбек­терін көздің қарашығындай сақтап, осы күнге жеткізуге, атсалысқан еліміздің естияр  азаматтарына жұрт риза екенін айта кеткіміз келеді.

Биыл ұлтымыздың біртуар тұлғалары негізін салған, милләтінің мүддесі үшін “түнде ұйықтамай, күндіз отырмай”, сол жолда әзиз жандарын құрбан етсе де,  “Алда әлі күнді көретін ұрпақ келеді. Сол күнді көретін ұрпақ сендерді еске алатын болады!” – деп болашаққа үмітпен көз тіккен “Алаш қозғалысы мен Алаш Орда автономиялы үкіметінің” құрылғанына 100 жыл толады. Еліміз үшін маңызды айрықша датаны лайықты деңгейде атап өту  мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әрбір факультетінде бірқатар рухани мә­дени іс-шаралар басталып та кетті. Осын­дай тағылымы мол шараның бірі – уни­верситетіміздің филология және әлем тілдері факультеті “қазақ тілі мен әде­биеті” мамандығы 1-курс студент­терінің ұйымдастыруымен өткен   “Алаш арыстары – Ахмет” атты шара болды.

Ұйымдастырылып отырған іс-шараның негізі мақсаты  Алаш ардақтарын ұлықтау болатын. Іс-шарада студенттер Ахмет Байтұрсыновтың  өмір жолына тереңірек тоқталып, көркем бейнебаяндармен тыңдарман қауымға жүйелі жеткізді. Келесі бір студенттер Ахаң өмірінен шағын  көрініс қойып, жұртшылық назарын ерекше сезімге бөледі. Бұдан кейін кезекпен-кезек студенттер Ахмет сынды ұлы  тұлғаның қызмет жолын, шығармашылық жолдарын      талдады. Оның әдебиет және тіл саласына қосқан сүбелі еңбектеріне тоқтала келе, жалынды өлеңдерін мәнер­леп оқыды. Жазған еңбектерінен ша­ғын көр­ме жасады. Өздерінің ұйымдас­тырып отырған іс-шараларына дайын­далу   ба­рысында студенттердің  бір то­бы Алматы қаласындағы Ахмет Байтұр­сынов мұ­ражай-үйінде болып таныс­қанын, ондағы бай  дүниелерді де   айта кет­ті. Осылайша, жалғасқан шара соңы топ студенттерінің орындауындағы әсем әнмен  аяқталды. Осы тәрбиесі мен тағы­лымы мол іс-шараны өткізуге себепкер болған “Тарих, археология және этнология” факультетінің ұстазы, тарих ғылымдарының докторы  Фа­тима Қозыбақова   апайымыз шара соңында өз ойы­мен бөлісті, студенттермен естелік суретке    түсті.

 

Фариза Тілеулес,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

1-курс студенті.

Ақкөл ауылы.

 

 

 

  Терроризм мен діни экстремизм қоғамға жат құбылыс

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында терроризмнің және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстарға айрықша назар аударған.

Шын мәнінде, жыл өткен сайын қайғы мен қасірет әкелетін терроризм мен діни экстремизмнің қаупі күшейіп барады. Еліміздің қауіпсіздігі мен халықтың бейбіт өмірі Отанымыздың баға жетпес байлығы, ең қымбат қазынасы. Оны көздің карашығындай қорғау барша қазақстандықтардың борышы.

Біздің міндетіміз терроризм қатерінің жолын кесу, діни экстремизм қатерінің жолын кесу, діни экстремизм көріністерінің алдын-алу арқылы адамның, мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосу.

Діни идеологиялық ағымдарға ілесіп, адасып жүрген жастарымыз қаншама?  «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Талас аудандық бөлімшесі де халық көп келетін мекеме. Ұжым мүшелері әрқашанда жоғарыда айтылғандай мекемеде адамдар­дың қауіпсіздігін сақтауда тиісті шараларды қолға алып,   қырағылық танытып келеді.

Мекемеде терроризм мен діни экстремизмнің адамзатқа, қоғамға тигізетін зияны туралы әңгіме, дөңгелек стол өткізіліп тұрады.

Осындай атқарылған істер бізді әр уақытта нәтижелі жұмыс істеуімізге оң ықпал етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның қауіпсіздігі мәселесіне әрқашан ерекше назар аударып келеді.

«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» депар­таментінің Талас аудандық бөлімшесі Президентіміз Н.Ә.Назарбаев­тың тапсырмаларын терроризм мен діни экстремизмді ауыздықтау жө­ніндегі Заңдарды, Үкімет Қаулыларын, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындауға бар күш-жігерімізді аямай жұмсайтын боламыз.

Б. Кадырова,

әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық

есептеу орталығы департаменті 

Талас аудандық бөлімшесінің басшысы.

 

  

“Жол жұмысшысы”– сұранысќа қажет мамандық

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті жолдауының екінші кешенді міндетінің алтыншы басымдығында үкімет әкімдермен бір­ле­­сіп,  қа­лаларға ір­гелес орналасқан елді ме­кендермен көлік бай­ланысын дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет екендігін айтқан болатын.

Осы бағытта ауданы­мызда айтарлықтай  жұ­мыс­тар атқарылуда. 2016 жы­лы   аудан  бойынша бе­кітілген 102 көшенің 14,5 ша­қырымнан тұратын 22 көшесіне орташа және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да бұл жұмыстар өзінің жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, аудан көлеміндегі облыстық, аудандық маңызы бар жол­дар­дың 10 шақырымына ағымдық жөндеу жұмыс­тарымен 200-ден аса жол белгілері қойылып, оны кү­тіп-ұстау­ға да қаражат көздері қарастырылып,  жұ­мыстар атқарылатын болады.

Міне, аудан көлеміндегі жол саласындағы осындай жұмыстарды атқаруға әрине, білімді, тәжірибелі мамандар керек болады. Ата-бабамыз «Жол салу-сауаптың төре­сі» деп тегіннен тегін айтпа­ған. Осы орайда,     50 жыл­­дан әрі тарихы бар Қа­ратау гуманитарлық-техникалық колледжінде қысқа мерзімді «3 разрядты жол жұмысшысы»  және «3 разрядты слесарь-сантехник», «3 разрядты автомобиль жөндеу слесары» біліктіліктеріне дайындайтын курстар сәуір айынан өз жұмысын бастағалы отыр.

Ауданның жұмыссыз жастарын осы мамандықты игеруге шақырамыз.      жол саласында еңбек етіп, ту­ған өлкеңнің  эко­но­микасын көтеруге ат­салысып, отбасына,   табыс әкелу­ге мүмкіндік беріліп отыр­ғанын хабарлағым келеді.

Колледжде сонымен қатар, 1410-«Автомобиль жолдары мен аэродро­мдарды салу және пайда­­лану» мамандығы бойынша 9-сыныптан кейін мемлекеттік тапсы­рыста және 11 – сыныптан кейін қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша оқуға болатының естеріңізге саламыз.

 Алмас  Ильясов,

Қаратау гуманитарлық техникалық колледжі

директорының «оқуөндірістік ісі» жөніндегі орынбасары.

 

 

 Білім беру жүйесіндегі жаңартылған мазмұн

«Білім беруді және ғылым¬ды дамытудың 2016-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Бес күндік оқу аптасының енгізілуі, білім берудің үштілді жүйесіне көшу және оқу жылының ұзартылуы сияқты өзгерістердің бәрі білім беру мазмұнын жаңартуға ба¬ғытталған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған. Жаңартылған білім мазмұны білімнің сапалық көрсеткішіне, функционалдық сауаттылығына негізделуі тиіс болды. Яғни, адамның білімділігі емес, қаншалықты біліп істейтін бесаспаптығы және алған білімін күнделікті өмірде қалай қолдана алатындығы алға шықты.  1 қыркүйектен бастап барлық мектептерде 1-сыныптан осы стандарт жүйесі енгізілді. Оған толық көшу төрт жыл ауқымында жүзеге асады деп жобаланып отыр. Бірақ әлі де түсінбеушілік ата-аналар тарапынан болуда.Қарапайым сұрақтар  арқылы жастардың пәндерден базалық білімі бағаланады және  бастысы, ой деңгейі мен логикасы сарапталады.

Мұғалімдерге әдістемелік материалдардың толық ресурсы дайындалды, олар: оқу бағдарламалары, күнделікті сабақ жоспарлары, оқулықтар, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдар. Бұл материалдардың барлығы әр жаздағы біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге таратылып берілетін болады.Жаңартылған білім мазмұнын енгізу арқылы  мектептердің материалдық-техникалық базасы да өзгеру керек.

Қазіргі уақытта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 540 оқытушы-тренерін және басқа мектептердің 140 оқытушысын жаңа оқу жүйесі бойынша жұмыс істеуге кәсіби тұрғыдан оқытып шығарды. Ал 760-тан астам тренер бастауыш мектептің 73 мың мұғалімін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жазғы маусымда оқытатын болады. Бұл жұмыс ел өңірлерінің 280 мектебінде дереу қолға алынбақ.Жаңа бағдарлама бойынша сенбі күні оқымайды. Оқушылар бірінші сыныптан бастап сенбі есебінен 34 күн қосымша демалыс алады. Қазір ең бас¬тысы, бағдарламаны жаңарт ы және оқу сапасын жақсарту.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойғаны баршаға белгілі. Яғни, бұл жоғары технологиялық, жоғары білімді, сервис жүйесі халықаралық деңгейде дамыған аса өркениетті қоғамға айналу жолы. Жас ұрпақтың болашағы тек мектептің ғана емес, ата-аналардың да қолдарында. Өскелең ұрпақтың тағдыры – терең білімде.

Сәбит Төленді,

Ақкөл орта мектебінің мұғалімі.

 

 

Тіл тағдыры – ел тағдыры

 Елбасының «Қазақстан халқын топтастырудың аса  маңызды фак­торы саналатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасы­ның әр­бір азаматының парызы» деген сөзі – әр «елім, жерім – Қазақстан» дейтін азаматтың сөзі болар. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде қазақ тілін үйрету құралдары, оқу-әдістеме­лік кешендері, оқыту немесе тіл үйрету курстары өз жұмыстарын жүргі­зу үстінде.

Осы орайда, аудан әкімдігінің   мәжіліс залында “Қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын Ұлттық стандарттар ерекше­ліктері мен оларды қолданысқа  енгізу” тақырыбында кезекті жиын бо­лып өтті. Аталмыш жиынға Ұлттық тестілеу орталығының  “ҚАЗТЕСТ” жүйесін дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Әбдіхалықов, облыс әкімдігі тіл­дерді дамыту басқармасы  тілдерді оқыту бөлімінің басшысы Жамбыл Ізтұяқ, аудан әкімінің орынбасары Кәдірбек Садубаев және бірқатар бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

“ҚАЗТЕСТ” жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру  деңгейін  анық­тау­ға арналған диагностикалық және сертификаттық тестілеу жүргі­зудің ерекшеліктері, мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау туралы айтып өткен Жамбыл Ізтұяқ  облыс көлеміндегі қазақ тілін оқыту курстары мен арнайы оқу-әдістемелік кешендерінің тыныс-тіршілігі туралы да баяндады.

“Тіл кез-келген халықтың – тарихы мен тағдыры”, – деп сөз бастаған  Айдос Әбдіхалықов:

– “ҚАЗТЕСТ”- қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. Бұл жүйе екі түрлі арнамен беріледі. Бірі шетел тілі ретінде тіл үйренушінің тіл меңгеру деңгейін бағаласа, енді бірі қазақ тілін екінші тіл ретінде бағалауға бағытталған. Тест құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөлімдерден  тұрады. Әрине, оны тапсырған өз қандастарымыз үшін қазақ тілі шет тілі болып кетті деуден аулақпыз. Дегенмен, отандастарымыздың, соның ішінде, мемлекеттік қызметкерлердің арасында ресми тілде сөйлейтіндердің өте басым екенін мойындау қажет. Оған қоса, Қазақстанда тұрып жатқан өзге этностар тағы бар. Сондықтан, өзінің күнделікті тұрмысында өзге тілдерді пайдаланатын азаматтарға мемлекеттік тілді меңгеруге ықпал ету ҚАЗТЕСТ-тің негізгі мақсаты ретінде белгіленді. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде диагностикалық және сертификаттық тестілеу жүргізіліп отыр – деді. Сондай-ақ, алдыңғы жылы жүргізілген тестілеудің нәтежиесі бойынша статистикалық ақпаратқа тоқталып,   жиналысқа қатысушылардан  алдағы тестке немқұрайлы қарамауларын өтінді.

Жиын соңында Кәдірбек Рысқұлбекұлы ауданның мәдени, әдеби хал-ахуалы жайында сөз қозғап, келген қонақтар мен аудан тұрғындарына алғысын білдірді.

Е.КЕНЖЕҰЛЫ.

 

Бәсекеге қабілеттілік – уақыт талабы

Елбасының  еліміздің  нұрлы  болашағын  көркейту­ге бағытталған  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік»  атты Жолдауы нақты мәселені қамтуымен  ерекшеленді.

Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстанның 2050 жыл­ға қарай әлемдегі  алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіруге орай Үкімет пен Парламентке ауқымды міндет жүктеліп отыр. Сонымен бірге, технологиялық құрылымның  өзгерісі экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшу көзделген.

Жолдауда  білім беру жүйесіне де ерекше көңіл бөлінген. Мұнда, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі  тиіс. Біздің  міндетіміз – білім беруді эко­номикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламасын сын   тұрғысынан  ойлау  мен жазу қабілетін және өз бетімен іздену  дағдыларын дамытуға бағыттау – өрелі   іс. Сонымен   бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу өзекті. Мұғалімдердің біліктілік пен сапа жағына ерекше мән беріліп отыр. Яғни, қала және ауыл мектебіндегі   ұстаздардың білім  сапасын  жақ­сарту үшін бәсекелестікті жандандыру мақсатында тақырыптық сайыстар мен байқаулар өткізілсе, нәти­жесінде, бәсекеге қабілетті, шығармашылық қа­рымы шыңдалған, жаңа форматты мұғалім бейнесі қалыптасары сөзсіз. Сондай-ақ, басты мәселе қазақ тілінің басымдығы сақталып, оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіндігі көңілімізге қуаныш ұялатып отыр. Тұғырлы  үш тілді оқытуға кезең – кезеңімен кө­шу мәселесі де қарастырылған. Өйткені, заманауи бі­лім жүйесінде ағылшын тілінің жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі екені және жалпы ақпараттың  90 пайызы ағылшын тілінде алынатынын, ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайтыны баршамызға мәлім.

Жанам деген жүректерге  от беріп, ұшқыннан жа­лын лаулата  отырып, Ұлы дала елін Мәңгілік елге ұйыстыру жолында Жолдауда  айтылған талаптарды ойдағыдай  жүзеге  асыру – басты  парызымыз демекпін.

 Сәуле Түменбаева,

Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

 «Үшінші»  жаңғыру үрдісті болғай

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауымен жан – жақты таныстық.  Бұл Жол­даудағы басты бағыттары айқын екені белгілі.

Елбасымыз  елімізді одан әрі дамытудың жаңа бағыттарын белгі­леп берді. Бұған дейін жаңғырудың екі кезеңінен мүдірмей өтсек,жаңа бағытта ұлттық экономиканы көте­руге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл  әрине, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, денсаулы­ғы­ның мықты болуына, өмір жасының ұзақ  болуына зор кепілдік болады. Елбасы Жолдауы мемлекет дамуының жаңа бағыттарын көрсетіп, сол арқылы әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуды көздейді. Ал, стратегиялық құжаттың талаптарын орындауда барлығымыз үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек.

Жолдаудың стратегиялық маңыз­дылығы     мен нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуге бағыт­талып отырғандығын, ұлттық эко­номикамызды кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру бағы­тында кең ауқымды жұмыстар жүргізуге, ауыл шаруашылығын дамытуға, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрескен, адами капитал сапасына, еңбек нарығын жаңғыртуға, жаңа индустриялар құрумен бірге, дәстүрлі базаларды жаңғыртуға, салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайларға беріліп отырған басымдықтар мен оларды жүзеге асыру бойынша Елбасы нақтылап берген басты міндеттерге  жеке-жеке тоқталуға тұрарлық өте жақсы құбылыс.

Әрине, кезекті жолдаудағы көтерілген мәселелер өте тұжы­рымды және Қазақстан халқының өмір сүру қалпына лайықты деп білемін.

 Талап Байжиенов.

О.Иманалиев атындағы Ақкөл ауылдық

мәдениет үйінің  мәдени ұйымдастырушы.

 

Елбасы  Жолдауын – халықтың  жолдауы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан хал­қына  дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын арнады.  Әр жылғы  Жолдаудың өзіндік ерекшелігі, өзіндік мән-мазмұны бар. Биылғы Жолдау халыққа жақын, олардың көңіл-күйін дөп басып, жүректеріне нұр құйды десем, артық айтқаным емес.

Елбасының көрегендігі мен сарабдал  саясатының жемісін көріп келе жатырмыз. Кеше ғана Тәуелсіздік алған қазақ елі  қаншама биік асулардан өтіп, қиын жолдардан адаспай сара жолмен жүріп келеді. Мұ­ның барлығы – дұрыс қабылданған Заңдармен, бағ­дарламалардың арқасы. Жыл сайынғы Елбасының  Жолдауы-біздің  шамшырағымыз, біздің бағыт-бағдарымыз.

Әсіресе, биылғы Жолдаудың төртінші басымдығы менің  көңілімнен шықты. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі  туралы келелі пікірлер айтқан. Заман талабына   сәйкес үш тілділіктің қажеттілігі мен оған кезең – кезеңімен көшу туралы құнды пікірлер жарияланған.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы нағыз халқын,   азаматтарын ойлаған кемел ойдан туған келісті істер емес пе?! Елбасы денсаулық жүйесіне де көп көңіл бөлді. Әлемдік тәжірибе дәлелдеген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, хаықтың әлеуметтік  әлсіз  топтарына мемлекеттік қолдау көрсетуді тапсырды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына да қатысты оң шешімдер қабылдаған. Зейнеткерлер мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі  20-ға өсіріледі.

Сондай-ақ, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға көмек пен жәрдемақы мөлшерін де өсіруге мүмкіндік берді.

Халқына осындай жағдай жасған, оның тыныштығы мен әл-ауқатының  беріктігін қамтамасыз еткен Елбасымыздың Жолдауын шын жүректен қолдаймын.

 К.Аяпова,

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі, Ш.Уәлиханов

атындағы орта мектеп.

 

 

Ынтымақы жарасқанның – ырысы мол

 «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Осыған орай І.Жансүгіров атындағы орталық кітапханада этносаралық қатынасты нығайту, толерантты мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және әлеуметтік ортаға енгізу саясатын дамыту мақсатында аудандық прокуратура мен аудан әкімдігі бірлесе отырып, “Ел бірлігі – мемлекет тұрақтылығының кепілі” атты ведомствоаралық жиналыс өткізді.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылық өз баяндамасында, этносаралық келісім – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты және қоғамның негізгі құндылығы екенін айта келе, алдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы жайында да мәлімет беріп өтті.

Мұнан соң сөз жалғаған аудан прокуроры Ильяс Тойшыбеков:

–  Береке басы – бірлікте. Қазіргі қоғамның жаңару жолы мен тиімді дамуы ең алдымен, елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық түсіністікке байланысты – дей келе, ауданымызда ешбір ұлтаралық араздасу тіркелмегендігіне де тоқталып өтті.

Шара барысында Галина Шуваева, Валерий Рихтер, Екатерина Цой, Ульяна Ким сынды славян, неміс,  кәріс этнос өкілдері сөз сөйлеп, аудандағы этно-мәдени орталықтардың тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Сондай-ақ,   ардагерлер кеңесінің бірқатар мүшелері де қазақ халқының асқан бауырмалдығы мен түрлі этностардың мүдделерінің үндестігі жайында әңгіме қозғап, пікірлерін білдірді.

Жиын соңы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Ернар Әбдіразақ.

     Қаратау қаласы.

 

  

Жемқорлық – індет Қоғам болып күрескен жөн

 «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс».

Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының 2015-2025 жылдарға ар­налған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы кү­рес стратегиясы  алға  қойылған міндеттер­ді жүзеге асыруға бағытталған. Басты мін­дет  – қоғамда сыбайластыққа төзбеушілік орта қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сана – сезімін  арттыру,  ұйымда өзара се­німге құрылған жауапкершілік пен әріптестік негізінде аталған әлеуметтік кеселмен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Келеңсіз көрініспен күресу күн тәртібінен түспейді. Қоғамның барлық саласында көрініс беріп отырған қауіпті кеселдің жолына тосқауыл болу бүгінгі күннің басты талабы екенін біздің ұжым қызметкерлері де жақсы түсінеді.

Әділет басқармасында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар жұ­мыстар атқарылуда. Жемқорлыққа қар­сы  күрестің іс-шаралары жоспары негі­зінде құзырлы мекеме мамандарымен «дөңгелек үстел» отырыстары  және  апта  сайын же­дел кеңес отырыстары ұйымдастырылады.

Жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу әрбір мемлекеттік қызметкер­дің міндеті екендігі ұдайы ескертіледі. Мекемеде «Сенім телефоны» тұрақты жұмыс істейді, көрнекті жерге ілінген арнайы стендте ақпараттар жаңартылып  тұрады.

 С.Джузбаева,

Талас аудандық әділет

     басқармасының іс жүргізушісі

 

  

Жетілдірілген  жаңа  жүйе

болашаққа бастайтын маңызды қадам

 Биылғы жыл  табалдырықты   аттағаннан-ақ, еліміз үшін батыл бастамалар мен тарихи шешімдерімен айшықталды. Соның бастысы – мүмкіндіктер мен міндеттерді тоғыстырған  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақс­танның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»     атты  Қазақстан   халқына   Жолдауы.  Аталған Жолдаудың артқан міндеті  туралы Мемлекет басшысы: – Бұл жаңғырту сын – қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан- 2050»   Стратегиясы   мақ­сатта­рына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жос­пары – «100 нақты қадам» базасында атап өтіледі,-деді.

Технология күн санап қарыштаған кезеңде сұра­ныстарды қанағаттандырып, талапқа сай бейімде­луі­міз керек. Өркениетті мемлекеттердің барлығына қатысты  экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын  Елбасы Жолдауында негізгі басымдық­тың бірі ретінде атады. Сондай-ақ, бизнес қоғамдастығы өкілдерін қамтитын Үкімет жанынан экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырды. Өйткені, алдағы онжылдық ішінде шикізаттық емес экспортты 2 пайызға ұлғайту міндеті тұр. бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеуде әлемдік нарықта отандық өнімдерге кең мүмкіндіктер ашылмақ.

Әрбір қазақстандықтың мүддесін көздейтін Жолдаудағы міндеттердің сәтті жүзеге асуы жарқын болашағымызды  жақындата  түседі. Мәселен, алдағы 15 жылдың ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы 1,5 млн. отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл – келешекте кем дегенде 5-6 млн. адам баспаналы болады деген сөз. Алаңсыз тірлік- аққан тер мен атқарған жұмыстар нәтижесінде келеді. Сондықтан, біз баянды болашағымыз үшін білек түре еңбек етуіміз қажет.

Жасампаздықтың жаңа даңғылына көш түзеген еліміздегі тағы бір елеулі оқиға-Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу жөніндегі шешімі.

Ел талқылауынан өткен Конс­титуциялық реформа 6 наурыз күні қос палатаның бірлескен отырысында депутаттар дауыс беру қорытындысы бойынша Конс­титуцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.

Жаңа заң жобасында Конституцияның 19 – бабына 24 түзету енгізу ұсынылып, олар жан-жақты қаралды. Бұл ұсыныстар бойынша 10 түзету енгізілді.

Жаңа конституциялық нормаға сәйкес мәслихат өкілеттіліктері Үкімет пен Парламет төрағалары өзара  келіскеннен кейін Президент ұйғарымы­мен мерзімінен бұрын тоқтатылады. Бұл өз кезегінде Үкімет пен Парламенттің жауапкершілігін және мәслихаттардың мәртебесін арттыратын болады. Сондай-ақ, заң аясында аудан, ауыл әкімдерін тағайындау мен сайлау үдерісі жүзеге асырылады,  бұрын бұл міндеттер Президенттің Жарлығы негізінде анықталатын еді. Ел Тәуелсіздігінің кепілдіктері қатаңдатылады. Мемлекеттің тәуелсіздігі ешбір жағдайда өзгеруге жатпайтындығы нақты бекітіледі.

«Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жария түрде қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы Ата Заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі көпшілік пікіріне ерекше мән бергендіктен Парламент қарауына енгізгендігін жеткізді.

Алдымызда діттеген межелер мен жүктеген міндеттер тұрғандығын ескерсек, жетілдірілген жаңа жүйе-елді болашаққа бастайтын маңызды қадам болмақ.

  Дүйсен Молдақұлов,

аудандық мәслихаттың депутаты.

 

 

Депутат және өмір

Нақты істер шешімін табуда

 Елбасы, «Нұр Отан»  партиясы­ның төрағасы Н.Назарбаев еліміздің бола­шақ жолын нақтылайтын, өркениет­ке ұмытылған ұзақ мерзім­ді мақсаттар мен міндеттерді айқын­дайтын рефор­маларды халыққа әрдайым арнап келеді.

Президенттің сайлауалды тұғыр­намасына айналған, кезең-кезеңімен орындалуы тиіс бес институттық реформа, “Қазақстан-2050” стратегия­сын жүзеге асыру – Қазақстан мемле­кет­тігін нығайта түсетін, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын басты құжат.

Еліміздің даму жолы осы рефор­ма­лар аясында жүзеге аса­тын 100-нақ­ты қадаммен байланыс­тырылып отыр. Алдағы бес жылда «Нұр Отан» партиясы көш бас­шылығының миссиясы үш басты ұғымға құрылады. Ол: Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық. Біздің осы межелерге жаңарған ел болып бірге жету және мақсатымыз “Мәңгілік елге” айналу.

Мерзім ішінде мәслихаттарда «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттық фракциясы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық салада қабылданған бағдарламаларды орындауға елеулі үлес қосудамыз.

Атқарылған толымды істердің қатарында «Нұр Отан» партиясынан мәслихатқа депутат болып сайланғандардың қоғамдық қабылдауын ұйымдастыруды алдымен айтуға тұрарлық.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі-жаңа жұмыс жасау әдісі болып табылады.Ол қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ілгерілету, партияның сайлауалды тұғырнамасын  жүзеге асыруға атсалысу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді орындалуын, азаматтардың өтініш-тілектерімен, көтерген мәселелеріне жіті қарап, шешімін табуға ықпал ету болып табылады.

Мәселен, өткен  жылдың сәуір айында №29 Қаратау сайлау округі сайлаушылары мен кездесу жиынында сайлауалды тұғырнамамды және қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу жөнінде ұсынысымды жасадым.Қазіргі уақытта қала тұрғындарының айтқан мына ұсыныстары: қала инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу, ауыз су, кәріз су,   шеткі көшелерге   газ құбырын жеткізу  және көше жарықтарын, электр желілерін тартуға ықпал ету, сонымен қатар, қала тазалығын сақтау.Қала көшелерін ауыз су, кәріз су құбырларын ауыстырғаннан кейін қайта асфальттауды шұғыл түрде қолға алу жөніндегі сайлаушылар пікірлері назарға алынды. Соның нәтижесінде, берілген тапсырмаларға жауапты адамдар бекітіліп, орындалу мерзімі көрсетілді.

Алғашқы кездесу жиналысының шешімі бойынша қаланың кәріз су жүйелерін оңтайландыру және жол жөндеудің қалыпты жұмыс істеуін қадағалау, тұрғындардан түскен арыз шағымдарға сергек қарау, кездескен ақауларды дер кезінде орындау үшін тиісті мекемелерді ұйымдастыру қала әкіміне жүктеліп,  бұл мәселелер бойынша көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізудегі мерзімі нақтыланды.

Бұл жұмыстар мерзімінен бұрын орындалды.

Амангелді, Арыстанбаб көшелеріне 1,5 шақырымға электр желісін ТАЭЖ өз күшімен тартуға дайын.  Тиісті көмек көрсетілді.ТАЭЖ мекемесі жұмысты аяқтауға жақын.

«Флора», «Стройтель» саяжайла­рына тартылған электр желілері еш­­­қан­дай меншікке алынбаған, сол себепті, бұл желілерді аудан әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімі мен­­шіке алуы керек. Құжаттары дайын­­да­лып, әділет басқармасына жіберілді.

Қаланың шеткі көшелерін газдан­дыруға (Подхоз, Сағырбаев, Репин, Геолог, Флора, Жартас) – 270 млн. теңге қарастырылып, 2015 жылы        90 млн. теңгесі игерілген.

Амангелді көшесіндегі 4 үйге  газ тарту мәселесі  толық шешімін тапты. Амангелді көшесінің тұрғын­дары «Күміс алқа» иегерлері Р.Нышам­баева, Қ.Баймурзина, Ү.Сейхымбаева және 78 жастағы Ж.Жоламанованың  үйлеріне газ кіргізілді.

Қаладағы тұрмыс қалдықтарын жинау, қоқыс шығару және жеке тұр­ғындармен келісім – шартқа оты­ру мә­селелері  бойынша жұмыс жүргізіліп, қажетіне қарай қоқыс жәшіктері жаңадан ауыстырылды.

Қаланың Тамды әулие бұлағы, Молдағұлова көшелерін, ДЭУ мекемесінің теріскейіндегі көше мен Подхоздың көшесіне қиыршық тас төсеп, тегістеу – «Шолақтау» ТКӨК –нің өндіріс басшысына жүктелді.

Сонымен қатар, тұрғындардың және заңды тұлғалардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.

Атап айтқанда: Қаратау қаласы­ның тұрғыны Н.Сычеваның қалада қоғамдық көлік қашан    жүреді деген сұрағы бойынша мәселелер толық шешім таппай отыр. Осы мәселені аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Омаров  аудандық мәслихатының сессиясында    көтерген еді.  Аталмыш мәселе аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, биылғы  жылға қаржы қарастырылуда.

Қаладағы Карл Маркс мектебінің директоры Ә.Әбдіразақованың К.Маркс мектебін күрделі жөндеуге байланысты ұсынысы қолдау тауып, мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Қоғамдық қабылдауда болған    бір топ спортшылардың   өтініштері бойынша,  орталық стадион мен    спорт базасының жанынан құны      600 мың теңге тұратын екі терең құбырлы  құдық қазып берілді.

№2-ші көше комитетінің төрағасы А.Байділдаевтың сұранысы бойынша қаладағы темір жолдың шығыс жағындағы елеусіз қалған ескі көмір базасының жері тегістеліп, балалар ойнайтын шағын стадион жасауға   дайындалды. Сол сияқты, қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішпен келген 3 азамат жұмысқа орналастырылды. Бір сайлаушыға «Көктал» емдеу- сауықтыру кешеніне жолдама берілді.Қала тұрғыны, 96 жас­тағы еңбек ардагері Авилова Ксения Архиповна­ның өтініші бойынша жарамсыз болып қалған электр бағанасымен, тозған электр сымы ауыстырылып берілді.

Жалпы,   қоғамдық қабылдау бөлме­сіне 31 арыз-шағым, өтініштер  мен ұсыныстар  түсті. Оның 29-ы шешімін тапты.

2 мәселе  (шеткі көшелерге газ тар­ту,  сая­жайларды коммуналдық меншік­ке алу) атқарушы органдарға жіберілді.

№29 Қаратау сайлау округінен сайланған Жамбыл облыстық мәслихат  депутатының  қоғамдық қабылдау бөлмесі өткен мерзім ішіндегі атқарған жұмыстарды тұрақты түрде жариялы жүргізіп келеді.  Осы уақытқа дейін баспасөзде 11 мақала жарияланды. Оның 9-ы қазақ тілінде 2-і орыс тілінде.

Депутат қашан да халықтың қызыметшісі. Сайлаушылар   аманатын арқалаған мандат  иесі уәде үдесінен шығуға ұмтылады.  Қоғамдық қабылдау бөлмесінің баспасөзбен тығыз байланысты жариялы жүргізудің арқасында   халық үнемі депутаттардың жұмыстарынан хабардар.  Оның нақты айғағы Қаратау қаласында көшелер қашан, қай күні жөнделетінін біледі. бұл жөнінде «Талас тынысы» газетінде тұрақты жарияланып  тұрды.

Осындай жүйелі түрде бақылау мен талапшылдықтың арқасында     22-көше ағымдағы жөндеуден өтті.

Көшелер  күзгі жауын – ша­шын­ға жетпей дер кезінде сапа­лы жөнделді.  Облыс әкімі «Нұр  Отан» партиясының облыс­тық    филиалының төрағасы К.Н.Көкірек­баевтың атына жазылған  депутаттық сауал түрткі болды. Асфальттау мәсе­лесі 3 рет облыстың партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралып,  нақты шешімдер қабылданды.

 Мұратқали Сарсенов,

     №29 Қаратау сайлау  округінен сайланған 

облыстық мәслихаттың депутаты.

 

Елдің  жаңғыруы  нұрлы болашаққа бастар қадам

Балалар өнер мектебінде өткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс  XIX- конференциясы  мемлекеттік биліктің тармақ­­тары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнін­де Ата Заңға енгізілетін өзгерту­лерді және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналды. Кон­ференцияға «Қара­тау» ТКӨК-нің директоры, облыстық мәс­лихаттың депута­ты  Мұратқали Сәрсенов, аудан әкім­дігінің бөлім басшылары, мекеме, ұйым басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Жиында аудан әкімі Болат Рыс­мендиев сөз алып мем­лекет басшысы ұсын­ған бас­тама­лар­дың аса маңыздылығын атап өтті.

– Осыдан аз ғана уақыт бұрын өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен мемлекетіміз даму­дың үшінші белесіне аяқ бас­ты. Ширек ғасыр ішінде ел іргесі бекіп, мемлекетіміз қалып­та­сып, нығайды. Биылғы Жол­дау­да Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев  жаһандық көкейкесті  сын – қа­терлерге, оның ішінде, же­дел қар­қынмен жүріп жатқан жаһандану үдерістері, терроризм қатері, геосаяси тұрақсыздықпен жалғасып жатқан экономикалық дағдарысқа төтеп беретін жаңа бағыттарды ұсынды. Жолдау елі­міздің сыртқы және ішкі саяси бағдары. Сонымен қатар, елдегі басқару жүйесін реформалауға қатысты мемлекет басшысының Үндеуі биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының рөлін нығайту, саяси жүйені одан әрі демократияландыру болып табылады. Бүгінгідей жағдайда Елбасының бұл бастамасы еліміз  үшін маңызды әрі өзекті болып отыр, – деген аудан басшысы бұ­дан соң Жолдауда айтылған басымдықтар бойынша ауданда бүгінге дейін атқарылған жұмыс­тарға егжей-тегжейлі тоқталып, алда тұрған міндеттерді атады.

Конференция барысында сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Мадиярбек Мірәлиев,  ардагер ұстаз Ілес Нұрұлы, лицей директоры Мақсат Қазанғапов жарыссөзге шығып, Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарын атап,   өкілеттіліктерді қайта бөлу жаһандық үдерістер жағдайындағы жаңашыл қадам екендігін жеткізсе, облыстық мәслихаттың депутаты Мұратқали Сәрсенов Жолдаудан туындайтын міндеттер негізінде облыста жүзеге асып жатқан ауқымды істерді әңгімеледі. Ол өз сөзінде Елбасының Үндеуі мен халыққа арнаған кезекті Жолдауы облыстың барлық аймақтарында, оның ішінде әсіресе, жастар алаңдарында қызу талқыланып жатқандығын жеткізіп,  аудан халқын Ұлт көшбасшысының бастамасын бірауыздан қолдауға шақырды.

 

 

Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы

Білім бөлімінің басшысы есеп берді

 Балалар өнер мектебінде ау­дан әкімдігі білім бөлі­мі­нің басшысы Күлшат Қожатаева­ның “Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру” мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиыны өтті. Білім беру саласы бойынша өткен жылды қорытындылап, келер жылғы міндеттер сараланған жиынға аудан әкімінің орын­басары Қадірбек Садубаев, білім қызметкерлері кәсіподағы Талас аудандық комитетінің төрағасы Мадиярбек Миралиев, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен оқу орындарының басшы­лары  және бірқатар ұстаздар мен  балабақша тәрбиешілері қатысты.

Баяндамасын Елбасы Жол­дауында білім саласына қатысты айтылған  мәселелерден     бас­таған Күлшат Кеңесқызы:

– Тәуелсіздік алған уақыттан бері ауданымызда 6 мектеп бой көтерген болса, былтырғы жылы тағы бір білім ошағы халық игілігіне беріліп, апатты жағдайдағы 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда аудандағы білім нысандарын материалдық-техникалық жаб­дық­тау, оқулықтар және  оқу-әдістемелік құралдармен қам­тамасыз ету жұмыстары да өз жалғасын табуда. Білім беру жүйесінде атқарылған жұмыстар нәтежиесінде есепті мерзімде  оқушылардың білім деңгейі арта түсті.

Білім берудің сапасын арт­тыру­да жетістіктерге қол жет­­­кізу – ұстаз еңбегінің кө­рінісі- деген бөлім басшысы өз сөзінде, ауданның оқу ошақтарындағы  білім көр­сет­кіштері бойынша статис­тикалық мәлімет беріп, оқушылар мен ұстаздардың республикалық, облыстық іс-шара­ларда қол жеткізген жетіс­тік­терін атап  өтті.

Баяндамадан соң жиынға қа­тысушылар тарапынан сұ­рақ­тар қойылды. Аудан әкімі­нің орын­басары Қадірбек Садубаев білім бөлімінің басшысына орындалуы міндетті бірқатар тапсырмалар берді.

Алғашқы болып жарыссөзге шыққан ардагерлер кеңесі тө­ра­ғасының орынбасары Құрал Нұрпейсов былтырғы облыстық пәндік олимпиадаға аудан намы­сын қорғап барған оқушылар төмен нәтижемен оралғанын   айта келе, ақылы қосымша сабақ беру жүйесі туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, аудан бюджетінің сексен пайызы білім мен ғылым саласына бөлінуі орынды әрі заман талабына сай екендігін айтып, білім бөлімі басшысының   есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Есепті жиында Мадиярбек Дүйсенәліұлы ұстаздар мәрте­бесін көтеру жайында сөз қоз­ғаса, Карл Маркс атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орын­басары Алмас Талғатұлы мем­­лекеттік тілде бастаған баян­дамасын орыс, ағылшын, тү­рік тілдерінде жалғастырып, көпшілік көңілінен шыға білді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев “Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы” – деген даналық сөзді негізге ала отырып, мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін қаржы жылдан-жылға артып келе жат­қандығын жеткізді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің әлеуметтік же­лілерде кеңінен таралған “Синий кит”, “Тихий дом” сын­ды құрбаны көп ойындарға кіруі­нің алдын алып, көпшілікті бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға шақырды.

Ернар Әбдіразақ,

Қаратау қаласы.

 

 

 

Медициналық сақтандырудың маңызы түсіндірілді

 Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың биылғы жылғы «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арна­ған  Жолдауында бір­не­ше әлеуметтік-эконо­микалық мәселе­лер кө­терілгені бәрімізге белгілі. Солардың бірі – міндетті медициналық сақтандыру жүйесі. Бұл жүйе ағымдағы жылдың  1 шілдесінен бастап жүзеге асырылмақ.

Осы орайда, қала­мыздағы Балалар өнер мектебінде өткен кезекті жиында аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев  қала тұрғындарына міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің құрылымы мен маңызы жайында ақпарат берді.

– Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қаралған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюд­жетке төленетін ау­да­рым­дардың бірдей мөлшерлемесі белгіле­неді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.Аталмыш жүйенің құндылығы – келісім-шарт тәртібінің болуы, демек, келісім-шарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы болып табылады – деген Есмахан Әуесбекұлы жұмыссыздар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға осы жүйе аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің пайыздық мөлшерлемелері жайында да айтып өтті.

 Ернар Әбдіразақ,

Қаратау қаласы

 

Көсегеміз алғыспен көгереді

     Қамысбай Сауқымов, «Талас тынысы».

Қаламыздағы Балалар өнер мектебінде Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары  Кәдірбек Садубаев көпшілікті  айтулы  мерекемен құттықтап, 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында  мемлекет басшысы   Нұрсұлтан Назарбаев өзекті  бастама көтеріп: «Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылған күні – 1 наурыз –  барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға Алғыс айту күні  деп белгіленсе,   әділетті болар еді», –  деген   сөзін жеткізе отырып:

– Бұл-тағдыр  тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған  өкілдерінің құтты  қонысына ай­налған қасиетті қазақ жері   мен қонақжай, бауырмал қазақ халқына тағзым ететін күн.

Алғыс айту күні – Елбасы басшылығымен   қиындықтарды бірге ең­серіп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның  көп этносты  халқының ортақ тарихын құрметтеу күні, – деді.

Ал, славян этно-мәдени орталығы төрайымының орынбасары Некрасова Надежда  Дмитрьевна өз сөзін: «Баршаңызға рақмет! Жүрегі тек  мейірімнен жаралған қазақ халқына рақмет!»-деп бастады.

– Біз жақсылық  атаулының бәріне алғыс айтуымыз керек: жарқыраған күнге, бейбіт өмірге, бізді жарық дүниеге әкелген анамызға, бізді қорша­ған  ортаға, жан жылуын аямайтын жандарға, бәріне,  бәрінен  алғысымызды аямайық, – десе, Надежда   Дмитрьевна, неміс этно-мәдени орталығының төрайымы Аверенос Лариса Владимировна:

– Сталиндік қуғын-сүргінмен Қазақстанға жер ауып келгендерді өз  бауырындай  күтіп алып, олардың   ұрпағының өсіп-жетілуіне, адал азаматтар болып өсуіне қамқорлық жасаған қазақ халқының алдында бас иеміз! – деді.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

Берекелі істің  бастауы – Бірлік

 Еліміз Егемендік алғаннан бергі 25 жылда небір қиын кезеңдерден өтті. Тәуелсіздігіміз енді ғана орнап, зор ауыртпалықтарды бастан өткізіп, ел егемендігінің алмағайып жылдарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Заман тыныштығын берсе, бұл дағдарыстан да шығармыз. Тәуелсіз Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Елімізді, жерімізді, халқымызды бүкіл әлем таныр»,- деген көреген сөзі бүгін толықтай жүзеге асып отыр.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңді көз алдымыздан өткізер болсақ, онда Елбасы мен Тәуелсіздіктің ажырамас ұғым екендігі анық байқалады. Ол кезең мәңгі есте қалар айтулы оқиғаларға толы.

1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауы ел тарихындағы мемлекеттілігімізді баянды ету жолындағы ең шешуші қадам болды. Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңды қабылдау күллі қазақ елін шаттыққа бөлеген жан тебірентер сәт еді. Осы тарихи оқиғадан бастау алған Қазақстанның егемендігін бекемдейтін басқа да Заңдар қабылданып тарихи қадамдар, шет елдермен саяси қарым-қатынас жаңа тұрпатта жүргізіле бастады.

Бүгінде, Сарыарқаның төсіндегі алып Астанамыздың айналасы 20 жылға жетер жетпесте жоқтан бар болғандай, сәулетті де дәулетті алып шаһарға айналуы Елбасымыздың көрегендігінің, алысты болжаған болашаққа деген нық сенімінің нақты көрінісі.

Ел бірлігінің, Елбасыға деген сенімнің арқасы – Берекелі істің бастауы Бірлікте екенінің айқын көрінісі.

Елімізде өмір сүретін сан ұлт өкілдері мен діни ағымдардың тең дәрежеде өмір сүріп, дамуына жағдай жасалған. Елімізде тыныштық пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің орнауына жағдай жасай отырып, қазақ халқының өз жерінде тілі мен дінінің, мәдениетінің өркендеуіне қол жеткіздік.

Ел экономикасының қарыштап дамуының айқын куәсі елімізде қаншама алып өндіріс орындары салынып, ел экономикасына еңбек етсе, мыңдаған мектептер мен емханалар, халық игілігіне берілді. Еліміздегі бірегей -біздің «Натрий цианидін» зауыты да осы жылдардың жемісі.

Тәуелсіздік жылдары халықтың әлеу­меттік дәрежесінің көтерілгені айқын. Медицина, білім, мәдениет салаларындағы жетістіктер орасан зор. Осының бәрі Егемендігіміздің арқасы. Еліміздегі сан ұлттың бірлігі мен ынтымағы  Елбасының сындарлы саясатының арқасы. Бірлік – бар бақытымыздың бастауы.

Әрбір мемлекет өзін алға қарай дамыту үшін уақыт өте келе, мемлекетті басқару формасын өзгертіп отырады, оған тарих парақтарындағы дәлелдер куә. Сондықтан, Елбасының мемлекеттік басқару жүйесін үш билік тармақтарына бөлу туралы Үндеуін біз толықтай қолдаймыз. Еліміздің 25 жыл Тәуелсіздік кезеңінде мемлекетіміз тек тұрақты экономиканы дамытып, берік қоғам қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ, басқа мемлекеттерге үлгі тұтар эталон мемлекетке айналды. Осы күнге дейін қолданып келген мемлекеттік басқару формасы өзін-өзі ақтады. Қазақстан қадамын нық басып, алға қарай ұмтылып келеді.

Сондықтан, Елбасы өкілеттік бөлігін Парламент пен Үкіметке беруді тапсырды. Мұның барлығы тек мемлекеттік атқарушы органдардың қажетті өкілеттіктерімен қатар, жауапкершіліктерін арттыра түседі. Әсіресе, Үкімет пен Парламент маңызды заңдар, бағдарламалар мен заңнамалар қабылдаған кезде, өздерінің халық алдын­дағы үлкен жауапкершіліктерін сезінеді. Мұның барлығы халықпен келісіп жасалуы үшін, халықтың саяси өмірге араласуындағы рөлін арттыру үшін, басқару процестеріне араласып, қоғам маңызды шешімдер қабылдаған кезде бірлесіп жұмыс істеуі үшін жасалып жатыр. Осының бәрі «Ашық Үкімет» реформасы мен есепті мемлекетті қалыптастыру идеясына жатады. Елбасы айтқандай, биліктің барлық тармақтары тиімді әрі үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеуі үшін олардың арасында баланс орнатылуы тиіс.

Жаңа Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев кезекті төртінші өнеркәсіптік револю­ция­­ның басталуына орай, Қазақстанды үшінші жаңғырту кезеңінде өзекті міндеттер қойып отыр. Елбасы атап өткендей: бұл жаңғырту – қа­зіргі жаһандық сын-қатерлермен кү­рес жоспары емес, болашаққа «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақ­сат­тарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ал, оны тиімді іске асыру үшін бізде Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бар.

Жолдау негізінде Үкіметке «Цифр­лық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Сондай-ақ, Жолдауда жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру тапсырылды. Бағдарлама тұрғын үй нарығын дамыта отырып, халықтың баспана мәселесін шешеді.

Тағы бір ескерер тұс, мемлекет пен жекенің серіктестігі нәтижесінде, нақты нәтиже болғанын Елбасы шегелеп айтты. Енді, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды іске асыруда кәсіпкерлердің қызығушылығы мен белсенділігі артады деп ойлаймын. Мемлекетпен серіктесе атқарған жұмысқа тұтастай кепілдік берілді.

Жолдау елдің түбегейлі жаңғыруына, жаңа заман талабына сай әрекет етуге шақырады, осы жолмен дамуға зор мүмкіндік береді.

Міне, осының бәрін жүзеге асыру елдегі тыныштық пен ынтымақтың, бірліктің арқасында іске асатындығын ұмытпауға тиіспіз. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағида басты ұранымыз.

Б.Алдашов,

«Talas Investment Company» ЖШС-нің  бас директоры,

облыстық  мәслихаттың     депутаты,

«Нұр Отан» партиясы облыстық  филиалы

Саяси кеңесінің бюро мүшесі.

 

 

 

Маңызы түсіндірілді

 Қазір Еліміздің түкпір түкпірінде Елбасының  Жолдауы халыққа кеңінен түсіндірілуде.

Осы мақсатта № 2 Қаратау колледжі  Елбасы  Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізді. Жиынға № 2 Қаратау колледжі қызметкерлері мен білімгерлері қатысты. Жиын барысында Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар мен оны жүзеге асырудың тиімді жолдары айтылды.

Алғашқы болып сөз алған № 2 Қаратау колледжі директоры Б.Сарсенбаев  Жолдаудың   маңыздылығын атап өтті.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қынаша  Елбасы Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге кеңінен тоқталды.  Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және ауыл шаруашылық салалары бойынша Елбасы айқындап берген міндеттерді алдағы уақытта жұмыла бірлесе атқарып, осы бағытта жұмыс жасау керектігіне тоқталды.

А.Құтпанбаева,

№2 Қаратау колледжінің

қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің оқытушысы.

 

  

Жолдау: баянды істердің бастауы

Жүктелер жауапкершілік зор

 Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды. Басты тақырып – «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы» деп аталады. Елбасы: “Еліміздің экономикалық да­муының инновациялық өзе­гіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген, болашағы зор бағыттарға ай­рықша мән беретін боламыз» — деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, Үкіметке Қазақс­танның Ұлттық технологиялық бастамаларына арналған 2025 жылға дейінгі ел дамуының Үшінші жаңғыртылуы бойынша стратегиялық жоспарды дайын­дауды тапсырды. Бұл орайда Үкіметке жүктелер жауапкер­ші­лік көп. Нақты әрі жаңа міндеттер, тапсырмалар тұр. Мұның бәрі елдің ұзақ мерзімді дамуына арналған. Жуырда елдің басқару саясатына да өзгерістер енгізілді, бұл бастамалар бірін – бірі толықтырады  деген сенімдеміз.

Осы тұрғыда, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жүйе­сін  жақсарту Та­­лас ау­дандық әділет басқарма­сының өз функцияларын мейлінше тиімді  орындауында  да  маңызды орынға ие.

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызмет­тер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2015 жылғы 9 ақ­пан­дағы №45  Қаулысымен әділет органдары көрсететін 53 мем­лекеттік қызмет, оның ішінде тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету саласында – 36, зияткерлік меншік құқықтары – 12, сот актілерін орындау – 3, сот-сараптмасы қызметі – 2 қызмет бекітілді.

Әділет органдарының алғаш­қы кезекті міндеттерінің бірі «электрондық үкіметті» дамыту болып табылады.

Басқармамен есепті кезең­де 2000-нан астам қызмет көр­сетілді, оның ішінде, 489 қыз­мет электрондық форматта  көр­сетіл­ді.  Мәселен, 2013 жыл­дың басынан бастап шағын кәсіп­кер­лік сбъектілері үшін ерекше хабардар етуге өту арқылы заң­ды тұлғаны тіркеу рәсімінің шешімдік сипаты күшін жойды.

Қазіргі уақытта тіркеу «электрондық үкіметтің» веб-пор­талында бір сағаттың ішінде автоматты түрде жүгізіледі,  оның дәлелі заңды тұлғаны тір­кеу туралы электрондық анықтама болып табылады.

Тіркеу кезінде ұсынылатын тізбеден: жарғы, заңды тұлғаның тұрған жері туралы құжат; құрылтайшы заңды тұлғаның са­лықтық берешегі жоқ екендігі туралы анықтама алып тасталды.

Заңды тұлғаны тіркеу тура­лы куәлік жойылып, оны элект­рондық анықтама ауыс­ты­ратын болды, мүдделі субъект оған «электрондық үкіметтің» веб-порталында қол жеткізе алады.

Азаматтық заңнамаға енгі­зілген өзгерістер коммерциялық ұйым құруды оңайлатудың елеулі шартына айналды.

Атап айтқанда, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны тіркеу үшін төленетін ақы алып тас­талды. Жеке кәсіпкерлік субъек­тілері үшін «электрондық үкі­меттің» веб-порталында 1-ші сағатқа дейін электрондық тіркеу мерзімі қысқартылды.

Жеке компаниялар үшін мөр­дің болуы және тіркеу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталды қалыптастыру жөніндегі талап жойылды.

Осы айтылған жаңалық кә­сіпкердің бизнесті бір сағат ішінде ашуына мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіп­керлік қызмет үшін жағ­дайды түбегейлі жақсарту мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 жел­тоқсандағы Заңның   шең­берін­­де жылжымай­тын мү­лік­ке құқықтар нотариус куә­­ландырған мәміле негізінде туын­­даған жағдайда, оны «қа­ғаз жүзінде» тіркеу жөніндегі ба­ламалы тәртіптің алып тас­талуын көздейтін түзетулер бекітілді.

Осыған байланысты, 2015 жыл­дың 1 қаңтарынан бас­тап нотариус міндетті түр­­де куәландырған барлық мә­мілелер әділет органдарына электрондық нысанда жібе­ріледі.

Сонымен қатар, осы Заңның шеңберінде жылжымай­тын мү­­лікке құқықтарды мемле­кет­тік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесінен техни­калық паспорт алып тасталды.

Әкімшілік кедергілерді бол­­ғызбау мақсатында «Жыл­жы­май­тын мүлiкке құқықтар­ды мемлекеттiк тiркеу ту­ралы» Заңның 21-бабында көзделген  «өзге де құжаттарды» ұсыну жөніндегі талаптар да тізбеден алып тасталды.

Әділет органдары қыз­метінің стратегиялық бағыт­тарының бірі халықтың құ­қықтық сауаттылығын көте­­ріп,  құқықтық түсіндіру жұмы­сының ауқымын кеңейтіп және сапасын   жақсарту болып табылады.

 

Руслан Өміралиев,

аудандық әділет басқар­масының  басшысы,

Жамбыл қоғамдық бірлестігі филиалы   Қазақстан

Заңгерлік Одағының  мүшесі.

 

  

Елеулі қадамдар жасалды

 – Табысты екі жаңғыру арқылы өткен күндерімізде келешек үшін баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді, алға батыл қадам жа­сап, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз, – деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауында.

Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатер­лермен күрес жоспары ғана емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол және де Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі  Елбасы бұл жаңғырудың бес басымдығын айқындап берді.

Соның ішінде  бесінші басымдық – инсти­туцио­налдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сы­байлас жемқорлықпен күреске қатысты. Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалды. Алайда, басты назар көбіне сы­байлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып келеді.

Сыбайлас жемқорлықтың себеп­тері  мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігі туындап отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның атсалысуына  байланысты.  Әлеуметтік желінің, өзге де медиа – ре­сурс­тардың  дамуы жағдайында, сы­байлас жем­қорлыққа қарсы  іс-әрекет  барысында,  оны жалпы жұрт­шылықтың жек көруі күрестің  қуатты құралына айнала алады. Елбасы көзқарасындағы осы бір қағиданы елін, жерін сүйетін, туған  елінің келешегін, ұрпақтың болашағын ойлайтын әрбір азамат  көкі­рек көзіне құйып, әрқашан жадында ұстаса екен. Елбасы елге Жолдауында қадап тұрып айтты, саралады, түсіндірді, сол айтылғандарды орындау ендігі біздің міндетіміз.

Бақытғали Аманбай,

аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.

 

 

 

 Жоспарымыз айқын, келешегіміз кемел

 Қазақстан  халқына  арналған  Президент  Жолдауы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  деп аталып,  2017  жылдың  ең басты  жоспары   және    хал қымызды  айқын бағытқа  жұмылдыратын Темірқазық    екендігі даусыз.

Елбасы  өзінің   елге арнаған Жолдауын  ел   дамуындағы алынған белестер мен жеткен жетістіктерді асқан ризашылықпен  және    жарқын   мақтанышпен  еске     салып өтумен  бастады.

Жалпы, біздің мақтан етуге тұрарлық жетістіктеріміз мен мұндалап тұрғаны айқын. Олардың қатарында    2017 жылдың  қаңтар –ақпан айларында Алматыда     өткізілген   қысқы Универсиада.

2017 жылы Халықаралық БҰҰ –ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес   мүшесі   болып    сайлануымыз да Елбасының  жүргізіп  отырған саясатының  әлемдік аренада оң бағасын  алып  отырғандығын     көрсетеді.

«EXPO-2017»  халықаралық  көрмесін өткізу де  біз үшін  үлкен абырой  болары хақ.

Біз  еліміздің  Тәуелсіздік  тұсында жеткен жетістіктерін  еселей  түсуге, онан   қол  үзбей ары қарай  жалғастыра    беруге  міндеттіміз. Елбасы  еліміз үшін зор мүмкіндіктер сыйлаған екі жаңғырту  туралы айта отыра, ендігі  келген уақыт  үшінші  жаңғырту екендігіне     назар аудартып отыр.

Қазіргі уақытта әлемде  төртінші  өнеркәсіптік революция басталды. «Қазақстан -2050»  стратегиясы   мақсаттарға   бастайтын  сенімді көпір болмақ.

Осы Жолдауда анықтап  тұрып  көрсетілгені агарарлық сектор.  Ол экономиканың жаңа  драйверіне айналуы қажет. Президент   ұсақ  фермаларды   кооперативтерге біріктіріп,    азық –түлік  экспортын 40 % -ға көбейтуді тапсырды.

Сонымен қатар,   елімізді жаңғырту үшін  бізге  ең бастысы білім беру  сапасын  көтеру,  үш  тұғырлы тілді  дамыту    қажеттігін атап көрсетті.

Алима Джумабаева,

Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің

тарих пәні оқытушысы.

 

 

Кітапханашылар да қолдайды

 Талас  аудандық   орталықтандырыл­ған кітапханалар жүйесінің қызмет­керлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ха­лық­қа ар­наған Жолдауын  жан-жақты түсі­ніп, қолдайтындықтарын Жолдауға арналған   ұжымдық     жиында        жеткізді.

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Лаура Бекбосынова: «Қа­зақстан жиырма бес жылдың ішінде ерекше табыстарға қол жеткізді. Әрбір Жолдау жас мемлекетіміздің эко­номикалық даму бағытын айқындап отырды. Елбасының жаңа Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» еліміздің жаңа саяси бағытын айқындап отыр. Жолдаудың басты мақсаты  еліміздің әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосу міндетін нақтылады» – деп өз ойын ортаға салды.

Аудандық орталық кітапхананың әдістемелік – библиографиялық бөлі­мі­нің басшысы Жұпаркүл Қарим­сакова: – Елбасы Н.Ә.Назарбаев да­мудың әр жылында білім са­ла­сына ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жол­ғы Жолдауында да мемлекет бас­шысы білім және кәсіби мамандық, кадр даяр­лау мәселесіне айрықша тоқталды, –   деп өз пікірін  білдірді.

Ал, аудандық кітапхана әдіскері Анар Қалыбекова: «Елбасымыздың жаңа Жолдауында  кемел  келешегіміз бағамдалып, мәртебемізді асқақтатар жаңа биіктер белгіленген. Елдігімізді асырып, өркениет әлеміне алға жыл­жуымыз, қысқа мерзімде мем­ле­кетімізді мәңгі мызғымастай қалыптастыруымыз абырой, басы­мыз­ға қонған бақ болды. Өз Отанын қалт­қысыз сүйген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында ХХІ ға­сырды   «Қазақстанның   алтын  ғасыры»  деп   атады. Біз  қазірдің өзінде сол   жүзжылдыққа   қарай  батыл қадам бастық, ендеше, еліміз аман болсын, Елбасының Жолдауын қуаттап, қол­даймыз», –  деп өз лебізін білдірді.

Әрине, Елбасы көтерген мәселенің дер кезінде орындалатынына сенім­діміз. Ынтымақ пен бірлік болса, барлығы болатыны анық. Сондықтан,  Елбасының бүгінгі жүргізіп отырған саясатына дән ризамыз.

Шынар Жұмабекова,

аудандық  орталық-тандырылған 

кітапханалар жүйесінің директоры.

 

 

Жаңа заманға – жаңа жүйе

Қоғамның жаңа бағыты

       Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тари­хи мәні зор Үндеуімен жаһан жұртының назарын Қазақстанға аударды. Бұл Үндеу еліміздегі жаңа кезеңнің бастауы болатыны сөзсіз. Ұсы­нылып отырған конституциялық рефор­ма мемлекет өзінің қалыптасуының бір кезеңін аяқтап, енді қызметінің жаңа механизмдерін іске қосқанын білдіреді. Осы өзгерістердің аясында Парламенттің рөлі мен мәртебесі артады, сондай-ақ, Үкіметтің дербестігі күшейеді. Осыған орай, Үкімет Парламент алдында жауап беретін кезеңге келе жатырмыз. Бұл дегеніңіз, саяси және мемлекеттік басқару жүйелерін бірізділікке әкеледі.

Мемлекет бас­шы­­сы­ның билік тармақ­тарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы ше­шімі Қазақстан хал­қы­ның алдындағы жауапкершілікті күшейте отырып, Үкіметтің ел алдындағы әлеуметтік-экономикалық салаларға деген жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да, Елбасымыз атап өткендей, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі ел дамуының заңды және жүйелі кезеңі болып табылады.

Қазақстанда ха­лық­тың бірлігі мен тұрақ­тылығына, мемлекеттік билік тармақтарының реттілігі мен үйлесімді жұмысына, азаматтар құқығының сақталуына, мемлекеттік шекарамыздың беріктігі мен қазақстандықтардың жоғарғы деңгейдегі тұрмысына кепілдік беретін күшті президент­тік билік сақталады.

Қалай дегенде де, бұл жаңашылдық біздің еліміздегі мемлекеттік басқару ісін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

 Дина Жұмағұлова,

    А.Дәулетбеков атындағы орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

 

 

Өкілеттіктерді  бөлу – заман  талабы

 Іскер  әйелдер  қауымдастығы  аудандық  филалы  мүшелерінің  ұйымдастыруымен   Қаратау  техно­логия,  білім  және  биз­нес  колледжінде  Қазақстан  Рес­публикасы  Президентінің  би­лік  тармақтары  арасында  өкі­леттіліктерді  қайта  бөлу  мәселелері  жөніндегі  Үндеуін  талқылау  мақсатында  дөңгелек  үстел  жиыны  болып  өтті.

Жиынға  колледж  мұғалімдері  мен  қауымдастық  мүшелері  қатыс­ты.   Алғаш  болып  сөз  алған  аудандық  іскер  әйелдер  қауымдастығының  төрайымы  Г.Жанаева   Үндеуде  көрсетілген  өкілеттіліктерді  бөлу  жөнінде  ойын  ортаға  салды.

– Шындығында  Елбасы  атап  көрсеткендей,  әлемдік  даму  үдері­сіне  сай,  демократияны  одан  әрі  дамыту-  заман  талабы.   Кәсіби  мем­лекет  құрып,  Үкіметтің  ашықтығын  қамтамасыз  ету   Ұлт  жоспарындағы  бес  инсти­тутцио­налдық  реформаның  нақты  қадамдарының  бірі.  Сондық­тан  да,  Үкіметтің  атқару­шылық  қызметін  белсенді  ету  ме­ніңше  оңды  шешім  деп  ой­лаймын, –  деген  пікірін  білдірді.

Келесі  кезекте     сөз  сөйлеген   ұстаздар   Б.Жылбаева  мен  А.Жұмабаева  Елбасының  ха­лықтық  талқыға  салып  отырған  Үндеуін  қуаттайтындықтарын  жеткізді.

 

 

 

 

Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

 «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», – деп Нұрсұлтан Әбішұлы бекер айтпаған. Қазақ қауымында қыз баланың орны ерекше болған.   Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.

Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелеген халқымыз «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды.

«Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі. Нақылдармен тәрбие тағылымның тамаша үлгісін түйіп айтып отырған. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.   Демек, қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.  Ал қазіргі   бала тәрбиесіне тек қана ана емес,  радио мен теледидар,  газет-журнал,       түрлі фильмдер әсер етуде.

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт- қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам.. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегендік танытады. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол «қазақ қызы» деген атқа лайық болуы қажет. Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Қыздарымыз өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз. Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен ойымды  қорытындылағым келеді.

Ләззат Әзімханқызы,

Аудан әкімдігі  білім бөлімінің бас маманы.

 

 

 

Ойға қанат, бойға сенім бітірді

 Елбасының биылғы халыққа арнаған «Қа­зақс­танның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» ат­ты Жол­дауын біз, ұстаздар қауымы оқып, танысып шықтық. Тәуелсіздігіміз­дің 25 жы­лын жарқын жетістіктермен, жасампаз жобаларымыз­бен, елі­міз­дің тыныштығымен артқа тастаған халқымыз үшін  жаңа жылдың жарқын белесінде жолданған бұл Жолдау ойға қанат, бойға сенім бітірді.

Еліміздегі барлық мек­­тептер қазіргі таң­да  жа­ңа білім беру маз­мұны бойынша оқы­тып жатқаны бел­гілі. Елбасымыз осы мақ­сатқа сай оқыту бағ­дар­ла­ма­ларын  және оқу­шы­лардың сыни ойлау қа­бі­летін және өз бетімен іздену дағдыларын да­мы­туға бағыттау қажет­ті­гін, IT-білімді, қаржы­лық сауаттылықты қалып­тас­тыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін, ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапа­сының алшақтығын азай­туға, үш тілді оқытуға кезең кезеңімен көшу мәселесіне аса көңіл бөлу керектігін жеткізді. Бұл айтылғандардың барлығы да ел болашағының жар­қын болуы жолында жас ұрпақты саналы, білім­ді азамат  етіп тәрбиелеу бағытындағы қадамдар деп білемін.       Өйткені, ел бо­лашағы – білімді жастардың қо­лында. Сон­дай ақ,  биылғы жыл­дан «Баршаға ар­нал­ған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының іске асуы да жұмыссыз отырған қаншама жастардың екінші мамандық алып, ең­бек етуіне білік­ті ма­ман болуына септігін тигізер еді. Ал, жәрде­мақының кө­терілуі ел де­мог­ра­фия­сының көтері­луіне, елі­мізде бала санының кө­беюіне жасалған оң ықпал деп білемін. Ен­деше, біз  де Елбасы Жолдауын қолдап, өміршең жобалар  мен жарқын болашақ жолында жемісті еңбек етуге аянбаймыз.

Айгүл Үсенқұлова

лицейдің бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

 

Жаңа заманға – жаңа жүйе

Конституцияға  өзгеріс  енгізу – заман талабы

 “Көргені жақсы көш бастар” деген. Ұрпақ бо­ла­шағын бағамдаған Ел­ба­сы Н.Назарбаев елі­міз үшін аса маңызды, тағдырлы  мәселені ұсын­ды. Конституция мен заңдарға өзгерістер ен­гі­зу – заман талабынан туын­дап отыр. Билік  тар­мақтарының өкілеттікте­рін қайта бөлу арқылы, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез-келгені баршамызға мәлім. Жалпы, реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Атап айтқанда, Президенттің әлеуметтік – экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін – Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Бұл – тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады.     Яғни, Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі қажет. Сонымен бірге, негізгі міндет билік тармақтары арасындағы қарым – қатынасты Конституциялық деңгейде теңгерімді ету арқылы Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейеді. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтайды. Нәтижесінде, министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін артып, биліктің заң шығарушы тармағының  атқарушы  билікке  бақылауын күшейтеуі өте құнды. Бұл тараптағы екі бағыт та жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырады. Осы орайда, үйлестіруші топтың құрамы дамудың даңғыл жолын, Мәңгілік елге ұйыстыру жолында – барлық сұрақтарды зерделей отырып, қоғамдық  талқылауға шығару үшін нақты, ұтымды ұсыныстарды әзірлеуі тиіс.

Мен, ата – ана ретінде, балаларымның бақытты болашағы үшін Елбасының демократиялық дамуға бағытталған Үндеуін бірауыздан қолдаймын.

    Нұрлан Алтаев,

 Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің

ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы.

 

 

Заманауи жүйе – өрелі іс

 Қаратау қаласындағы  Д.А.Қо­наев атындағы орта мектебінде  ел Президенті Н.На­зарбаевтың Үндеуін талдауға бағытталған  мектеп ұжымы және  ата – ана­лардың бірлескен жиналыс өтті. Үндеуде көрсетілгендей, реформа бағдарламасында  басқару жүйе­сінің тиімділігін арттыру көзделген. Баршамызға  мәлім, әлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қоғамдық үдерістің жылдамдығы мен күрделілігі  Қазақстанда да артып келеді. Ұсынылып отырған реформаның мәні – билік өкілеттіктерін қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені     демократияландыру қажет­тілігінен туындап отыр. Реформа бағдарламасы – елдің болашақ дамуы үшін құнды құжат.

Жиналыста сөз алған  мектептегі  «Нұр Отан»  партия­сының топ жетекшісі А.Алтынбеков  өз баяндауында: – Үн­деуде Қазақ елінің болашағы үшін Елбасы сыртқы сая­сатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне  негізгі күшті жұмылдырып отыр. Мұнда, Үкімет пен Парламенттің рөлі  артып, күшейетіні  белгілі. Негізгі мін­дет – билік тармақтары арасындағы  қарым – қатынас­тарды конституциялық деңгейде теңгеру болып табылады.  Жал­пы, көңілге қонымдысы Парламенттің Үкімет жасақтау­дағы  рөлін күшейтуі, министрлер кабинетінің депутаттар корпусындағы жауапкершілігін арттыруымен маңызды болмақ, – деп ойын жеткізді.

Сондай-ақ, мектептің  әлеуметтік – педагогі Н.Жақсы­лы­қова жа­рыссөзге шығып, Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал етеді. Ұсынылып отырған бағдарлама үш міндетті шешуге жағдай жасайды. Біріншіден, ұзақ мерзімге саяси жүйе тұрақтылығының қорын жасау; екіншіден, Үкімет пен Парламенттің рөлін арттыру арқылы сын – қатерлерге жауап қайтару. Бұл елді басқарудың орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасалғандығын айтты.

Мен, Ұлы Дала елінің нұрлы болашағын бағамдаған Елбасының Үндеуін қолдаймын.

 Сәуле Түменбаева,

 Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің

      тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Атқарылар  істер  пысықталды

     Индира ЕРКІНҚЫЗЫ, “Талас тынысы”.

   «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалында  аудандық  мәслихат­тағы  депутаттық  фракция  отырысы  өтті.

Отырысқа аудан­дық  мәслихат­тағы  депутаттық  фракция  мүшелері   мен  партия  белсенділері  қатысты.

Фракция жетек­шісі депутат  Қайрат  Серимовтың  төраға­лығымен  өткен  отырыстың  күн  тәртібінде  Қазақстан  Респуб­ликасының  «Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығын  жаңғырту   бағдар­ламасы»  бойынша  есеп  пен   “2015-2019  жылдарға  арналған “Нұрлы жол”  инфрақұрылымдарды  дамыту  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыруға   Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қорынан  бөлінетін  қаражаттың  және  бюджеттік  қаражаттың  мақсатты  және  тиімді  жұмсалуына  бақылау  жүргізу  бойынша  депутаттық  фракцияларынан  тұратын  «Нұрлы  жол»  бағдар­лама­сының  5 бағытына  комиссия  құру  туралы   болды.

Күн  тәртібіндегі  алғашқы  мәселе  бойынша  «Тұрғын  үй  жөндеу-Қаратау»   жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  инспекторы  Тамабай  Жомарт     2011-2020  жыл­дарға  арналған  бағдарлама   аясында   атқары­лып  жатқан  жұ­мыстар  барысына  баяндама  жасады.

Сонымен    қа­тар,  отырыста  қарал­ған  екінші  мәселе  бойынша  комиссия  тө­раға­лары  мен  мүшелері  сайланды.

 

“The new york times” 

көрмені көруге кеңес берді

 Америкалық  “The new york times” ба­сы­лымы саяхаттаушыларға 2017 жы­лы на­зар аударуға кеңес бер­ген 52 бағытты анықтады. ЭКСПО халықаралық маман­дандырылған көрмесін өткізетін Астана қаласы бұл рейтингте 26-орынды иеленді. Басылымның мәліметінше, 2017 жы­лы Қазақстан  астанасында ха­лықаралық EXPO-2017 көрмесі өте­ді. Көрменің тақырыбы – “Болашақ энергиясы”.  Жарияланған материал­да Астанада соңғы жылдары ашыл­ған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады.

Сондай-ақ, “The new york times” оқырмандарына Канада, Чили, Үндістан, Қытай, Швейцария, Португалия, Ямайка, Австралия тағы бас дамыған және дамушы елдерді ұсынды.

ЭКСПО-2017 халықаралық ма­мандан­дырылған көрмесі 2017 жыл­ғы 10 маусымнан бастап 10 қыр­күйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.

 

ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ – «ҮШ ТІЛ БІЛУ»

 Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлтаралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» – деген болатын.

Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк  қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине, мемлекеттiк тiл. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар, әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi.Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге         қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.Біз білім беру саласының өзекті мәселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің барлық салалары жаһандану үдерісін кешіп жатқан дәуірде өмір сүріп, жұмыс істейміз.

Сөзі мен ісі бір жерден табылатын Елбасы мемлекеттік тілдің ең басты жанашыры екенін үнемі дәлелдеп келеді. «Үш тұғырлы тіл» саясаты әлемдегі дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен егемен еліміздің еңселі ертеңі үшін аса маңызды екені ескеріле отырып, бүгінде үш тілдің ішінде қазақ тіліне айрықша басымдық берілуде. Десек те, үш тұғырлы тіл саясатының сара жолы ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратынын басты назарда ұстаған жөн.  Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орында%