Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспары бойынша атқарылған іс-шараның Ақпараты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспары бойынша атқарылған іс-шараның

Ақпараты

 

 

2018 жылдың 15 қаңтар күні Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттықтоптың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлының қатысуымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесудіТалас аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мырзаев Нүркен Қажмаханұлы ашып, Елбасының биылғы жолдауына қысқаша тоқталып өтті.

Осы орайда Нүркен Қажмаханұлы облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлына сөз ұсынды.

Өз тарапынан Мәди Мейірбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, жолдау басты 10 бағыты бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Кездесуде жарыс сөз ұйымдастырылып, Жарыссөзде Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгері,«Инабатты ару» клубының мүшесі Ерназар Арайлым Есмахақызы, аталмыш колледждің білімгері«Волонтерлар» клубының мүшесі Томан Гүлім Жылқыбайқызыөз ойларын білдірді.

Кездесу соңында  аудан жастары облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлына  жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлын аудан жастарының көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беру мақсатында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда, Жеке кәсіпкер – Алтаев Рауан, жұмыссыз жас – Сүйінбай Рауан, жетім балалар – Борщевский Евгений мен Белозеров Михаил сықылды жастар, көкейлерінде жүрген сауалдарына мардымды жауап алды.

 

 

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің

аға инспекторыБ.Қойшыбеков