Берікқара ауылдық округі Майтөбе ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топпен кездесу өткізілді.

2018 жылдың 15 қаңтар күні Талас ауданы, Берікқара ауылдық округі Майтөбе ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлының қатысуымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуді Талас аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мырзаев Нүркен Қажмаханұлы ашып, Елбасының биылғы жолдауына қысқаша тоқталып өтті.

Осы орайда Нүркен Қажмаханұлы облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлына сөз ұсынды.

Өз тарапынан Мәди Мейірбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, жолдау басты 10 бағыты бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Кездесу соңында  ауыл тұрғындары облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлына  жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар облыстық ақпараттық топтың мүшесі Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлын ауыл жастарының көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беру мақсатында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда болған ауыл жастары көкейлерінде жүрген сауалдарына мардымды жауап алды.