Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің 2017 жылдың қаңтар –желтоқсан  айларында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

  1. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша атқарылған үгіт-насихат жұмыстары  туралы

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт  көшбасшысы                    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, атқарылды.

Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы                   31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметі Бағдарламаларының іске асырылуы барысын халық арасында түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы    1 ақпандағы   №59-ө өкімімен, құрамында аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппараты мен депутаттарының, аудан әкімдігі бөлім және мекеме басшылары, барлығы 70 мүшеден тұратын  14 ақпараттық топ құрылып, Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде  үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың ақпан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы                           31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топтар аудандағы қала және ауылдық округтерде 24 кездесу өткізіп, 4500 адамға жуық тұрғындарды қамтылды.

Ал, аудандық деңгейдегі ақпараттық топтар 145 кездесу өткізіп, барлығы 21000-ға жуық адамды қамтылды.

Ақпан-желтоқсан айларында аудандық «Талас тынысы» газеті беттерінде Жолдауға  бойынша 55  материал жарық көрді.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілетіктерді қайта бөлу мәселелері туралы Үндеуін насихаттау бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

Талас ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілетіктерді қайта бөлу мәселелері туралы Үндеуді түсіндіру  бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, атқарылды.

Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілетіктерді қайта бөлу мәселелері туралы Үндеуді түсіндіру мақсатында Аудан әкімі  Б.Қ.Рысмендиевпен бекітілген мобильді топ құрылып, , Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілетіктерді қайта бөлу мәселелері туралы Үндеуді түсіндіру  бойынша желілік кестеге сәйкес  2017 жылы  55 іс-шара жоспарланып,  өткізілді. Қамтылған адам саны: 4500-ге  жуық адам

         Ағымдағы жылдың 6-8 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІН халық арасында насихаттау және  түсіндіру      мақсатында  Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің      депутаты    Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков Талас ауданына  арнайы келіп, барлығы                                 7 кездесу өткізіп қайтты. Қамтылған адам саны – 780 адам

Сонымен қатар 9 ақпан күні «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа   қарсы

жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамды бірлестігінің облыс                                                                                  бойынша филиалының төрағасы,  Облыстық мобильдік   тобының      жетекшісі,

Төлендиев Қасымхан Естемесұлы  мен «Талдау» социологиялық және       маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Облыстық мобильдік тобының мүшесі Әлмуратов Бақыт Темірханұлы қала тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері туралы Үндеуді насихаттау бойынша кездесу өткізіп, Үндеудің  әр тармағына жеке тоқталып, нақты түсіндірме жасады.

           Жалпы есептік кезеңде аудандық «Талас тынысы» газеті беттерінде Үндеге қатысты 25 материал жарық көрді.

 

3.     Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша аудандық іс –шаралар жоспары әзірленіп, жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.

Аудандық іс-шара жоспары облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасымен келісіліп, бекітілген болатын. Аудандық жоспарға сәйкес 2017 жылы 208 іс-шара өткізілді. Сондай ақ, аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып құқық қорғау органдары, аудандық қоғамдық кеңесі мен ардагерлер кеңесі мүшелері және аудан тұрғындарының қатысуымен кең көлемде кездесу өткізілді. Кездесуге 250-ге жуық адам қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қорытындыларын қолдау бойынша әзірленген облыстық желілік кестеге сәйкес 2017 жылдың                                         11 қыркүйегінен –  31 желтоқсанына дейін аудан бойынша – 70 іс-шара  өткізілді.

Ағымдағы жылдың сәуір – қыркүйек айларында аудандық «Талас тынысы» газеті беттерінде Елбасының бағдарламалық мақаласы бойынша – 110 материал, ал Республикалық «Салық тәртібі» газетінде   – 13 мақала,  облыстық «Ақ жол» және «Знамя труда» газеттеріне –  5 мақала жарық көрді.

Жалпы аудан бойынша 78 – билборд, 38 – қалқан, 20 – арка бар.

Оның ішінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласына арналған 60 көрнекі-ақпарат құралдары орналастырылған.

Елбасы өз мақаласында бүгінге дейін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі жолға қойылғанын, ендігі уақытта осы мәселелерді көтеру керектігін айтады. Қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталды. Оған барлық орталық, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттары қатысып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, Талас ауданында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан көлемінде жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №333-ө өкіміне сәйкес аудандық жобалық офис (7 адамнан) құрылды. Офис құрамына тәжірибелі мамандар тартылды. Офис мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны» бағыттары бойынша жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудан бойынша 11 жоба әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаның жобаларын іске асыру басталған сәттен бастап мақалалар жарияланады және орта мерзімді кезеңде қол жеткізілген алғашқы нәтижелері де шығады. Жалпы алғанда, Бағдарлама жоспарланған бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (2017-2022 жылдары) Бағдарлама әзірленіп, енгізілуде қажетті нормативтік-құқықтық база, қоғамдық институттар, мониторинг жүйесін, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелерін бағалау және қабылданатын шаралардың тиімділігі айқындалады. Келесі кезеңдерде (2023-2032 жж.) нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша 500 мың теңге қаражат қаралып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс өткізіліп, «Талас ғұмыры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып анықталды. Атқарылатын жұмыстардың               іс-шаралар жоспары бекітіліп, қазан – желтоқсан айларында 6 іс шара (1 – семинар, 3-кездесу, 1 –дөнгелек үстел,  1 -конференция) өткізілді.

Мекемелер тарапынан  ұсынылған үміткерлер туралы ақпараттар жинақталып, тиісті комиссия отырысымен қаралып, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына ұсынылып жіберілді.   «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы аудан әкімінің ресми сайтына арнайы айдарлар ашылды.

Қазіргі уақытта ауданда көрнекі ақпарат санын және БАҚ-та жарияланатын мақалалардың саның көбейту, жаңа жобалар ұсыну бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жүйелі түрде атқарылуы және мерзімінде ақпарат беру қатаң бақылауға алынды.

 

  1. Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық

бірлестіктермен жұмыс

 

Бөлімде саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер жинақталған.

Саяси партиялардан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының аудандық филиалы жұмыс атқарады.

Ауданда ресми тіркелген 24 үкіметтік емес ұйым бар. Оның: 14-і қоғамдық бірлестік, 7-і қоғамдық қор, 3-і заңды тұлғалардың бірлестігі.

2013 жылдың 24 қыркүйегінде аудан әкімдігінің №467 қаулысымен Талас ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасау жөніндегі Кеңес құрылған болатын. Ал 2015 жылдың 30 наурызында «Талас ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасау жөніндегі Кеңес құру туралы»  №216 қаулысымен құрамы өзгертіліп, жаңартылған.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өтіп, кеңестің шешіміне сәйкес үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі   2017 жылға жұмыс жоспары бекітілді.

Жергілікті бюджеттен аудан әкімдігі ішкі саясат бөліміне 6 млн теңге қаражат бөлініп, 14 лот бойынша конкурс өткізіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, 2017 жылыҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаcын түсіндіру бойынша  үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері белсене қатысуда.

Атап айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша 500 мың теңге қаражат қаралып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс өткізіліп, «Талас ғұмыры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып анықталды. Атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары бекітіліп, қазан – желтоқсан айларында 6 іс шара (1 – семинар, 3-кездесу, 1 –дөнгелек үстел,  1 -конференция) өткізілді.

Жыл басынан бері бағдарламалық мақаланы түсіндіруге арналған азаматтық сектор институттарымен 28 іс-шара өткізілген.

Ал аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан  33 млн 449 мың теңге қаражат бөлініп, 3 лот бойынша конкурс жариялап, жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды. 2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ,  халықаралық және шет елдік ҮЕҰ  филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті  органға (Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі) өзінің қызметі туралы мәлімет жібереді. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметтері туралы мәліметті жіберуі және олар туралы Дерекқорды қалыптасытрудың қағидасы (бұдан                  кейін – Қағида) Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілді.

Жергілікті ҮЕҰ уақтылы (жыл сайын 31 наурызға дейін) орталық ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, атқарылуда.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан  аудандағы тіркелген               ҮЕҰ-мен байланыс жасалып, бірлескен жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда:

Талас ауданы бойынша ҮЕҰ Дерек қорына үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметтерді беру қажеттілігі туралы барлығы 24 кездесу  түсіндірме (қалада – 19, ауылдық округте -5) жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл жұмыстарды жаңдандыру үшін жастар ресурстық орталығы тарапынан өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға «Талас ғұмыры», «Үшарал жастар орталығы» қоғамдық бірлестіктері, ал спорттық іс-шараларға (көкпар, бәйге, арқан тарту және т.б) «Көкбөрі» қоғамдық бірлестігі  белсенді ат салысып жұмыс жүргізуде.

Аудан әкімінің сайтына (ҮЕҰ дерекқоры бойынша жадынама, ҮЕҰ-мен өзінің қызметі туралы мәліметтер беру тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар, ҮЕҰ дерекқоры бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т.б) материалдар орналастырылды.

Аудандық «Талас тынысы» газетінің кезекті сандарында   «Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры туралы», «О базе данных неправительственных организаций» туралы 2 хабарлама (қазақ және орыс тілдерінде) жарық көрді.

  1. Этномәдени орталықтар туралы

 

Ауданымызда елеулі жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде  аймақтағы ахуалдың тұрақтылығы, этносаралық және конфессияаралық өзара үйлесім одан әрі нығая түсті. Аудандағы 3 этномәдени орталықтар олардың ішінде неміс, славян және кәріс этномәдени орталықтары бұл іске өзіндік үлестерін де қосып отыр.

Талас ауданы бойынша 54525 халық шоғырланған  болса, оның ішінде 7623-і басқа ұлт өкілдері. Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылдық округінде 1225 күрді халқы тұрақтанған. (145 отбасы) Қасқабұлақ ауылында бір мектеп, бір медпункт, бір ауыл клубы және бір кітапхана жұмыс істейді. Жалпы экономикалық, әлеуметтік – мәдени және этностық ұйысу деңгейі тұрақты.

Этностар, этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік құрылыс, елдің әлеуметтік – мәдени даму процесіне қатысу деңгейі аудан көлемінде тұрақты. Жалпы этносаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі аудан бойынша және Қаратау қаласындағы неміс, славян және кәріс этномәдени орталықтарымен тиімді жұмыс жүргізілуде.

«Славян» этномәдени орталығы 2007 жылдан бері жұмыс атқарады. Орталықтың 3500 мүшесі бар. Жетекшісі Шуваева Галина Панфиловна. Орталық жанында «Поколение» ардагерлер хоры жұмыс істейді.

«Неміс» этномәдени орталығы 1996 жылдан бері жұмыс атқарады. Орталықтың 42 мүшесі бар. Жетекшісі Рихтер Валерий Романович.

«Кәріс» этномәдени орталығы 2007 жылдан бері жұмыс атқарады. Орталықтың 52 мүшесі бар. Жетекшісі Цой Екатерина Алексеевна.

Сонымен қатар, аймақтағы қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша облыс ассамблеясымен бірлесе отырып аудан жұртшылығымен, этномәдени бірлестіктерімен және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс – қимылдарын жүзеге асыру мақсатында «Талас ауданы әкімінің жанындағы Қоғамдык келісім кеңесін құру туралы» қаулысы қабылданып, жұмыс жасалуда. аудан бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жоспарлы жұмыстар атқаруда (1-аудандық (22 адам), 1 қалалық (6 адам) және 13 ауылдық (52 адам), барлығы -80). Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлы, хатшысы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Батырхан Төмешбай.

          Этностар жинақы тұратын Қасқабұлақ ауылында Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

         Жастар арасындағы ерте некелер мен ерте жүкті болу мәселелерінің болдырмау мақсатында жергілікті жерлердегі Аңалар кеңестерімен бірлесе отырып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

     – Этностар жинақы тұратын Қасқабұлақ ауылында қазақ тілінде оқытатын 2 сынып ашылған. Олар: «Ауыл мұғалімдері» және «Ауыл жастары». С.Юсупов  жетекшілік етеді.

Ауданда «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру аясында БІРЫҢҒАЙ ТАҚЫРЫПТЫҚ АЛГОРИТМ  қалыптасқан.  Алгоритм негізінде 3 бағытта жүзеге асырылады. Олар:

  1. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету;
  2. Бірлік пен біртектілікті нығайту, Отанға деген мақтаныш сезімді қалыптастыру;
  3. Қазақстандық патриотизмді насихаттау;

Ауданның қоғамдық – саяси өміріне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы да өзіндік үлес қосуда. Сондай – ақ,  аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» аудан әкімдігінің  ішкі саясат бөлімінің басшылығымен жастар арасында жұмысты атқару бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

Жалпы аудан орталығы Қаратау қаласындағы көші – қон этностық және демографиялық ахуал бойынша негізгі үрдістері тұрақты қалыптасқан.

         1 сәуір  «Алғыс айту» күніне орай Талас ауданында бірқатар іс-шаралар өткізілді.  Атап айтқанда мектептер мен колледждерде «Алғыс айту парызым» тақырыбында онкүндіктері өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы туралы театрландырылған көріністер мен қойылымдар ұйымдастырылып өткізілді. «Қамқор» атты нышанымен өткізілетін акция жыл бойында атқарылады. Мысалы қаңтар-сәуір айында  185 адамға  531 мың теңге көлемінде,  және «Алғыс айту» күніне орай 55 адамға 305 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Этносаралық қатынасты нығайту, толерантты мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және әлеуметтік ортаға енгізу саясатын жүргізу мақсатында Жамбыл облысының прокуратурасымен                        «Ел бірлігі – мемлекет тұрақтылығының кепілі»  бағдарламасын іске асыру жөнінде  іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 29 наурызында І.Жансүгіров атындағы аудандық орталық кітапханада этносаралық қатынасты нығайту, толерантты мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және әлеуметтік ортаға енгізу саясатын жүргізу мақсатында аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе  «Ел бірлігі – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты ведомствоаралық жиналыс өткізілді. Іс-шараға аудандық прокуратура қызметкерлері, аудан әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері, этномәдени орталықтарының жетекшілері мен мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

Жалпы жыл басынан бері Талас ауданында «Мәңгілік ел идеясын ілгерілету», «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту», «Этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайту» тақырыптары бойынша барлығы  78 іс-шара өткізілді. Аталған тақырыптар шеңберінде тұрақты түрде газет бетінде мақалалар жарық көруде.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында өткен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясына демеушілер көмегімен Талас ауданынан көп балалы ана Ким Ульяна жіберілді.

  2017 жылға Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бағытында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 лот, жалпы 1 млн. тенге қаражат (1. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру; 2. Ауданда этносаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;) бөлініп,  конкурс өткізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

 

  1. Дін мәселесі бойынша

 

Ауданда мемлекеттік тіркеуден 19 мешіт және 3 шіркеу («Трех Святителей шіркеуі», Қаратау «Өмір» Інжілдік Христиан – Баптистердің шіркеуі және «Жамбыл облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауым») жергілікті діни бірлестіктері қызмет атқаруда.

Жалпы аудандағы 19 мешітте бұйрықпен тағайындалған 16 имам қызмет атқарады. (Бекітілген 16 имамның 1-еуі жоғары білімді, 5-еуі орта білімді, қалған 10-ы сауат ашу курстарынан өткен, ал 3 мешіт имамының орны бос (С.Шәкіров ауылдық окугіндегі «Байтоқты-баба» мешіті, Талапты ауылындағы «Мұзаппар ата», Есейхан ауылындағы «Қанатбек ата» мешіттері).

Көпшілік жиналатын жерлерде және ланкестік жағдайларда осал болып табылатын қаладағы және ауылдық округтердегі барлығы 19 мешіт бейнебақылаумен жабдықталған, атап айтқанда;

 

  • Қалада(«Қаратау орталық»мешіті)
  • Қалада («Әбдібай-ата» мешіті)
  • Ақкөл ауылдық округінде («Ақкөл» мешіті)
  • Қаратау ауылдық округінде («Қанатбек ата» мешіті)
  • Бостандық ауылдық округінде («Төртбай ата» мешіті)
  • Тамды ауылдық округінде («Тәңкібай ата» мешіті)
  • Аққұм ауылдық округінде («Тұңғатар ата» мешіті),
  • Үшарал ауылдық округінде ( «Абдулла» мешіті)
  • Кеңес ауылдық округінде ( «Әбу Бәкір» мешіті)

10) С.Шәкіров ауылдық округінде ( «Байтоқты-баба» мешіті)

     11) Қызыләуіт ауылдық округінде ( «Жанабай сопы» мешіті)

     12) Берікқара ауылдық округінде ( «Тәтен-ата» мешіті)

     13) Көктал ауылдық округінде ( «Көктал» мешіті)

     14) С.Шәкіров ауылдық округі, Тамабек елді мекені ( «Д.Қонаев» мешіті)

     15) Қаратау ауылдық округі, Қарой елді мекені ( «Жаңғара-Бүркіт» мешіті)

     16)Кеңес ауылдық округі, Көшек батыр елді мекені ( «Нұрым-молда» мешіті)

     17)Бостандық ауылдық округі, Талапты елді мекені ( «Мұзаппар- ата» мешіті)

      18)Қызыләуіт ауылдық округі, Ақтөбе елді мекені ( «Ақтөбе имам» мешіті)

      19)Ойық ауылдық округінде («Қойшыбай ата» мешіті)      

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының тапсырмасына сәйкес, 2016-2018 жылдарға арналған тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру мақсатында аудандық желілік кестеге сәйкес жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының тапсырмасына сәйкес, 2016-2018 жылдарға арналған тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру мақсатында аудандық желілік кестеге сәйкес жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдың қаңтар – қараша айларында  барлығы 230 іс-шара (оның ішінде желілік кесте бойынша 185 іс-шара) өткізіліп, діни тұрғыда кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. (Қаңтар айында21, ақпан айында23, наурыз айында – 22, сәуір айында20, мамыр айында17, маусым айында – 18, шілде айында-18, тамыз айында-17, қыркүйек айында-18, қазан айында-20, қараша айында-18, желтоқсан айында-18 іс-шара  өткізілді.)

Оның ішінде; 131 кездесу, 69 дөңгелек үстел отырыстары және 12 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Желілік кестедегі өткізілген іс-шаралардың ақпараты (фотосымен) ай сайын облыс әкімдігі дін істері басқармасына жолдануда.

Христиан бағытындағы діни өкілдерімен атқарылатын жұмыстар бойынша 6 жеке кездесу өткізілді.

Сонымен қатар оқушылар арасында да дін саласын оқуға ниеттенушілерге отандық діни оқу орындарында оқудың артықшылықтары туралы жұмыстары бойынша ақпараттық – түсіндіру тобы бірқатар кездесулер мен дөңгелек үстел отырыстарын тұрақты өткізіп тұрады.

Аудандық, қалалық және 13 ауылдық округтерде 79 адамнан тұратын 15 дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамы қайта жаңартылып, құрылған. Топ құрамы мемлекеттік қызметшілерден, имамдардан, мұғалімдер мен полиция қызметкерлерінен, беделді ақсақалдардан тұрады.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Республикалық «Салық тәртібі» газетіне 4 материал,  облыстық  «Ақ жол» газетіне   1 материал, аудандық «Талас тынысы» газетіне 31 материал, қала және ауылдық округтерде дінаралық татулық тақырыбында. «Фейсбук» әлеуметтік желісіне дін мәселесі бойынша 29 іс-шараның ақпараты жарияланды.

Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының тапсырмасына сәйкес,  әлеуметтік желілерге және аудан әкімінің ресми сайтына ақпараттық-талдамалы материалдар (бейнероликтер, флаерлер, мақалалар және т.б)  жарияланған болатын. Осы аталған бейнероликтер, үнтаспалар, флаерлер, кітапшалар өткізілген кездесулерде, дөңгелек үстел отырыстарында көрсетіліп, қосымша таратылуда.

Аудан әкімінің ресми сайтына  терроризм қарсы саясаттың жүргізілуі бағытында 8 материал жарияланды.

Аудандық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы тарапынан аудандағы  6 ауылдық округтен, аудандағы 13 мекемеден сауалнама жүргізілді

Ауданымыздағы жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, 2017 жылдың 11 сәуір күні аудан әкімдігі және  аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» ұранымен аудандық спорт фестивалі өткізілді.

Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасында Қаратау қаласының спорт мектептерінде және ауылдық округтерде «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» ұранымен футбол турнирлері де өткізіліп тұрады.

Республикалық және облыстық дін саласындағы топ мүшелерімен               2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 29 кездесу ұйымдастырылды.

Атап айтатын болсақ, 20-24 ақпан күндері дін саласындағы облыстық ақпараттық топ өкілі: Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» КММ-нің ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Бағлан Еркінұлы Қырғызбай аудандағы мекеме қызметкерлері арасында және жастармен 4 кездесу өткізді. Сонымен қатар, ауданымыздағы мешіттердін (Қалада 2 жерде, ауылдық округте 2 жерде,  Берікқара ауылдық округіндегі «Тәтен-ата» мешіті және Қызыләуіт ауылдық округі Ақтөбе елді мекеніндегі «Ақтөбе имам» мешіті.) тыныс-тіршілігімен және діни әдебиеттерімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында заңсыз тиым салынған діни әдебиеттер жоқ екені анықталып, қазіргі кезде тұрақты бақылауда.

29-31 наурыз аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасынан ақпараттық-түсіндіру топтары ауданымызда іс-шара өткізуге арнайы Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы «Оңалту» орталығының инспекторы Култаев Сержан Кәрімжанұлы, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы  Өзбеккалиев Жандос Сүйімжанұлының қатысуымен 6 кездесу өткізілді. (Қаратау қаласы АІІБ,  Қаратау қаласы «Балалар өнер мектебінде», Қаратау қаласы ТарМу, Қаратау қаласы аудандық орталық мешіті, Қаратау қаласы қала әкімдігі, Қаратау қаласы «Таза қала» ЖШС)

26 сәуір күні Республикалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Талдықорған облысының өкіл имамы Ахмедиев Серікхан, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан, Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасының бас маманы Ақбай Еркебұланның қатысуымен ауданымызда     4 кездесу (қалада 3 жерде, ауылдық округте 1 жерде ) өткізді.

8-9 маусым күндері Жамбыл облысы әкімдігі, дін істері басқармасының бас маманы, теолог Мутанов Самғат Маратұлы және Жамбыл облысы әкімдігі  «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы, дінтанушы   Құлымбетов Алмас Қалдыбекұлының қатысуымен жастар мен қала тұрғындары арасында 5 кездесу ұйымдастырылды. (Талас аудандық орталық ауруханасы, Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, Қала әкімдігінің мәжіліс залы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі.)

18 қыркүйек күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев Маханұлының қатысуымен Тамды ауылдық округінің мәдениет үйінде  білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен кездесу өткізілді.

19-21 қыркүйек аралығында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары  Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлының қатысуымен 5 кездесу ұйымдастырылды. (2 Қаратау колледжі, Қаратау технология  білім және бизнес колледжі, Қаратау орталық мешіті, аудандық өрт сөндіру мекемесі, аудандық ішкі саясат бөлімі) .

11-қазан күні К.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің дінтану кафедрасының профессоры, Ясауи ғылыми зерттеу орталығының  директоры Досай Кенжетайдың қатысуымен   «Қазақстандағы исламның тарихын, деструктивті діни ағымдардың сипаты және сот шешімімен тыйым салынған ұйымдардың белгілерін түсіндіру» тақырыбында 1 кездесу ұйымдастырылды. (Қаратау қаласы, Балалар мен жасөспірімдер орталығы)

15-16 қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы Ақбай Еркебұлан Ахметұлының қатысуымен «Діни радикалды идеологияның алдын алу» тақырыбында 3 кездесу өткізілді.   (ХҚКО РМК-нің Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Қаратау тау-кен технологиялық колледжі, Тамды ауылдық округі.)

Ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін жергілікті бюджеттен      1 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп конкурс жарияланған болатын.  Конкурс жеңімпазы «Жамбыл облысы Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айында Талас ауданы бойынша барлық ауылдық округтерде кездесу, дөңгелек үстел отырыстары, семинар т.б.  өткізуде.

 

 

  1. Баспасөз құралдары туралы

 

Аудандық «Талас тынысы» газеті редакциясы аптасына 2 рет                    (сейсенбі – жұма күндері) шығарылады. Таралымы 2840 дана.

Аудандық «Талас тынысы» газетінің 51 пайызының меншік иесі «Салық тәртібі» ЖШС (Ғ.Қасабай), ал, 49 пайызының иесі аудан әкімдігінің қаржы бөлімі (Қ.Терлікбаев).

Аудандық «Талас тынысы» газетінің директор-бас редакторы Дүйсен Молдақұлов, орынбасары Қамысбай Сауқымов.

Талас ауданының экономикалық және әлеуметтік дамуы, қоғамдық-саяси тұрақтылық, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, нормативтік-құқықтық хабарламалар және тағы басқа мемлекеттік саясатты, БАҚ-ты жүзеге асыру, яғни газет арқылы шығару үшін арнайы конкурс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Конкурс қорытындысы бойынша «Қанатты қалам әлемі» ЖШС (О.Иенберген) жеңімпаз болып анықталды.

Газет бетінде аудан бойынша барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени, мерекелік және спорттық, аудан әкімінің және әкімдіктің қатысуымен өткізілген іс-шараларды жариялау үшін газеттің шығармашылық қызметкерлері толығымен қатысуда. Сондай – ақ, 2017 жылы аудандық «Талас тынысы» газетіне  жарияланатын материалдардың медиа – жоспары бекітіліп, тұрақты түрде шығарылып отырды.

Ақпараттық саясатты жүргізу үшін аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі төмендегіше:

2013 жылы- 21 021 000 теңге;

2014 жылы – 21 500 100 теңге;

2015 жылы – 28 064 000 теңге;

2016 жылы – 33 000 000 теңге;

2017 жылы  аудандық бюджеттен мемлекеттік тапсырысты орындау үшін   54 млн. 500 мың  теңге (онын ішінде 35 млн. тенге аудандық, 18 млн. тенге республикалық, 1 млн облыстық ақпараттық агенттіктерге, 500 мың тенге облыстық телевидения арқылы ақпараттық саясат жүргізуге)  қаражат бөлінді.

Мемлекеттік бағдарламалардың республикалық облыстық және аудандық газет басылымдарында мақалалар  жарық көруде.

Әр сала бойынша мақалалар жарық көру үшін аудандық медиа-жоспар әзірленген.

Аудан бойынша спикерлер тізімі әзірленген. Атқарылған жұмыстар жайлы ақпараттар мерзімінде ішкі саясат басқармасына жолдануда.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен ақпараттандыру бойынша Талас ауданында жоспарға сәйкес, жұмысшы тобы құрылып, медиа-жоспар әзірленген, «100 жаңа есім» жобасына ұсыныс берілген, спикерлер пулы жасақталған, бірыңғай логотиппен тақырыптық айдарлар ашылған, аудан аумағында көрнекі ақпарат құралдары орналастырылған, т.б.

Жергілікті баспасөз бетінде «Рухани қазына», «Атамекен», «Білім және тәрбие», «Рухани жаңғыру», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу» тақырыптарымен барлығы 9 айдар ашылған.

Ағымдағы жылдың сәуір – желтоқсан айларында аудандық «Талас тынысы» газеті беттерінде Елбасының бағдарламалық мақаласы бойынша – 110 материал,

Сондай-ақ, бағдарламаны ақпараттық қолдау бойынша Фейсбук әлеуметтік желісінде «Талас ауданы Рухани жаңғыру» парақшасы ашылып, онда барлығы 100-ден астам материал жарияланған. Жастар ресурстық орталығы мен кейбір мекеме қызметкерлері де әлеуметтік желіде ақпарат таратуда белсенділік танытуда (ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жақсылық, Жастар ресурстық орталығы, «Талас тынысы», т.б.).

  1. Көрнекі ақпарат құралдары туралы

Жалпы аудан бойынша 78 – билборд, 38 – қалқан, 20 – арка бар. Қазақстан Республикасының Қаладағы және ауылдық округтердегі мекемелерде Жолдау бойынша бұрыштар жасалынған.

Мемлекет Басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда ақпараттандыру жұмыстарының маңызы зор.

Жалпы аудан бойынша 78 – билборд, 38 – қалқан, 20 – арка бар.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласына арналған 60 көрнекі ақпарат құралдары ілінген.

Сондай-ақ, аудан мектептерінде, кітапханаларда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бұрыштар ашылып, арнайы кабинеттер жасақталған, стендттер орналасқан.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуы, қолданылуы және насихатталу барысы туралы

 

Талас ауданы  әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы «Талас ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құру туралы»  №215 қаулысы қабылданған. Ағымдағы жылдың 30 қазанында №312 қаулысымен комиссия құрамы қайта құрылды.

Аталған қаулының қосымша Ережесіне сәйкес, комиссия отырысы қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет өткізіледі. Комиссияның кезектен тыс отырысы комиссия Төрағасының жеке ұсынысымен немесе комиссия мүшелерінің үштен бір бөлігінің өтінішімен шақырылуы мүмкін.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы 2017 жылдың
28 қаңтарында және 17 тамызда өткізіліп, тиісінше №1,2 хаттамаларымен рәсімделген.

Талас ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның  2017  жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары бойынша аудан мекеме басшыларының, қала және ауылдық округі әкімі аппараттары қызметкерлерінің қатысуымен 1 семинар, 6 – кездесу, 1 – құқықтық сабақ өткізілді.  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимнді пайдалану және қолдану үлгілері бойынша әдістемелік – құралдар мемлекеттік мекемелерге электрондық нұсқада таратылған.

2017 жылдың 1 – 21 тамыз аралығында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан Қаратау қаласы мен ауылдық округтердегі мемлекеттік мекемелерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайдалануы туралы» №253 қаулысына сәйкес, орын алған кемшіліктерді бір ай көлемінде ретке келтіріліп, тиісті мәлімет беру жөнінде тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілген болатын. Зерделеу  барысында 111 мекеме, яғни, 14 – аудан әкімдігінің бөлімдері, 14 – Қаратау қаласы мен ауылдық округі әкімдерінің аппараттары, 59 – аудан әкімдігі білім бөліміне,                 5 – аудан әкімдігі спорт бөліміне, 19  – аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелер қамтылды.

Қазақстан Республикасының рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимнді пайдалану және қолдану үлгілері  бойынша әдістемелік – құрал мемлекеттік мекемелерге толық таратылған.

– Аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тұрақты тігілген Мемлекеттік Туына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруы қамтамасыз етілген.

– Қала және ауылдық округі әкімдері тарапынан мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстары жөнінде кешенді жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

– Білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерінің мазмұнын және Гимннің мәтінін білуі, оны пайдалану деңгейі талапқа сай орналастырылған.

– Жалпы білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру және насихаттау мақсатында білімгерлер мен оқушылар арасында шығарма жазудан байқаулар өткізіліп тұрады.

– Мәдениет ошақтары мен оқу орындарында және басқа да мекемелер мен кәсіпорындарында мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын арнайы бұрыштар әзірленген.

– Спорттық жарыстар өткізу кезінде Мемлекеттік Гимн мен Тудың пайдаланылу деңгейі тұрақты назарға алынған.

Сондай – ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында 4 – билборд, 11 – керме орнатылған.

Жалпы, аудан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау, пайдалану және қолдану жөнінде сондай – ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» күніне орай 10 автокөлікпен қала көшелерінде шеру өткізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» күніне орай, Орталық саябақта аудан әкімі қала тұрғындарын құтықтады. Соңынан қала тұрғындарына мерекелік концерт берілді. Жалпы аудан көлемінде мерекелік   9 іс – шара өткізілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 19 қазанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, пайдалану және қолдану жөнінде семинар кеңесі өткізіліп, жұмыс барысында орын алған кемшіліктер бойынша жан – жақты түсіндірмелер берілді. Аталған семинар кеңесінің қорытындысымен алдағы уақытта заң талаптарын сақтай отырып, кемшіліктерге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

  1. Жастар және жастар бірлестіктерімен жұмыс

 

Ауданда статистикалық мәліметтер бойынша бүгінгі күні аудан жастарының саны 14087  құрайды, яғни жалпы халық санының 26,2 пайызы жастар болып есептеледі. Оның ішінде Қаратау қаласында 7358, ауылдық округтерде 6994 жас шоғырланған.

«Жастар ресурстық орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының (5 тарау, 35 бап) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ІІ кезеңін жергілікті жерде іске асыру мақсатындағы жұмыс жоспарын орындауда.

Жастар саясаты саласында алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін орталық аталған тұжырымдамадағы 9 бағыт бойынша жұмыстар жүргізуде (қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру, жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау, жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру, жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету, жастарды «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру).

Орталық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру мақсатында жастардың рухани, мәдени бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы, олардың шығармашылық әлеуетiн ашу бағытында жоспарлы жұмыстар атқарды.

Мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi – жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауыл жастарының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң мазмұнымен таныс болуын білу мақсатында жастар арасында сауалнамалар алынды.

Талас ауданы әкімдігінің  2015 жылғы 25 желтоқсандағы №532 қаулысымен Талас ауданы әкімдігі жанындағы Жастар Кеңесі құрылып, құрамына  аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларынан құрылған барлығы 19 адам енгізілді.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ІІ кезеңін жергілікті жерде іске асыру мақсатында жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілде. Тұжырымдаманың жүзеге асырылуы туралы ай сайын облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасына ақпарат жолдануда.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен бекітілген Тараз қаласы мен аудандардағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуының рейтингтік бағалау ережесіне сәйкес, әр тоқсан сайын ақпарат берілді.

Өңірлер және техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының мамандықтары бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне талдау жүргізу мәселесі бойынша:

Орта мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарын аяқтаған оқушылар мен студенттердің оқуға түсуі мен оқуын жалғастыруы, жұмысқа орналасуы және қай өңірге кеткендігі туралы мониторинг тұрақты жүргізіледі.

Аудандағы 4 кәсіптік – арнаулы орта оқу орнында (Қаратау гуманитарлық техникалық колледжі, № 2 Қаратау колледжі Қаратау білім және бизнес колледжі №14 Талас колледжі) 1299 студент мемлекеттік тапсырыс негізде білім алуда. 2015-2016 оқу жылдары аталған оқу орындарын  320 түлек бітірген.

2015 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында 240 түлек, 2016 жылы 8 түлек жоғарғы оқу орындарына түскен (Қаратау қаласы 2016 жылы «Серпін-2050» бағдарламасына кірмейді, сол себепті түсушілерде аз). 

«Жасыл ел» бағдарламасы ауданда 3 мамыр – 30 маусым аралығында жұмыс жүргізді. Оған 63 жас тартылды. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1729 мың теңге қаражат бөлініп, мақсатты игерілді.

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде іс-шаралар кешені тұрақты өткізілуде. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы №217 қаулысына сәйкес, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан ақпараттық дін мәселелері жөніндегі   сектордың ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында 107шара болып өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру мақсатында барлық ауылдық округтерде жастармен кездесулер тұрақты өткізілді.

«Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жылдық және салааралық жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 447 іс-шара жоспарланып, соның 407-і ұйымдастырылып, өткізілді. 40 іс-шара қызметкерлердің кезекті еңбек демалысында болуына байланысты өткізілмеген.

Бұл аудандағы атқарылған ауқымды, әр түрлі бағыттағы іс шаралар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жастар арасында насихаттау және түсіндіру мақсатында 1 кезесу, 1 форум, 24 дөңгелек үстел өтті. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері арасында «Салауатты жастар – салауатты қоғам» атты облыстық кіші футбол турнир, «Жастар – ұлттар бірлігінің ұйытқысы» атты аудандық жастар фестивалі, «Бүгінгі жастардың патриотизмі» атты пікірсайыс турнирі, «Ата Заң – еліміздің татулығы» тақырыбында аудан жастары арасында спартакиада, аудандық «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары және т.б. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын нығайту, жасөсіпірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 13 спорттық жарыс, 15 семинар, 5кездесу, 21 дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Жастарға эсктремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру, діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында 19 семинар, 40 дөңгелек үстел отырысы, 8 кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар аудандағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары білімгерлері арасында діни көзқарас ерекшеліктерін айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу, олардың шағын кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау жасау мақсатында «Жастар және бизнес», «Өз ісіңді баста» тақырыптарында 12 семинар-тренинг, 28 дөңгелек үстел отырысы, 7кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар жас мамандарды ауылда тұрақтандыру, білімді жастарға жұмысқа орналасуға ықпал ету мақсатында «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» жобалары бойынша 26 дөңгелек үстел отырысы өтті. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыптарында 8 дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды денешынықтыру мен спортқа баулу, ішімдік ішу, темекі шегу, нашақорлық секілді зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында 17 семинар, 30 дөңгелек үстел отырысы,14 акция, 1денсаулық фестивалі, 2 спортық жарыс, 1спартакияда, 16 футболдан турнир өтті. Жастар арасындағы суицидтің себептері анықтау және оның алдын алу мақсатында «Жарқын өмір өз қолыңда» тақырыбында 9 семинар тренинг, 7кездесу,  1 дөңгелек үстел Сонымен қатар, жастарға өзін-өзі бағалауда ерік-жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана-сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру мақсатында «Жеке тұлға», «Өзін өзі бағалау» тақырыптарында 26 іс-шара өтті. Аудандағы студенттердің қал-жағдайымен танысу мақсатында «Жатақхана тынысы!» атты акциясы ұйымдастырылып, Қаратау қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жатақханаларында болып, білімгерлердің тыныс-тіршілігімен танысып, сауалнамалар алынды. Қазіргі уақытта қоғамда әлеуметтік құбылыс ретінде белең алып отырған сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу, жастардың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында әр түрлі тақырыптарда 19 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Болашақ ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімдерін ояту мақсатында байқаулар, акциялар, дөңгелек үстел отырыстары, пікірсайыс турнирлері өткізілді. Сонымен қатар, жалғыз ілікті қарияларға қаморлық жасау, олардың үй шаруаларына көмек көрсету мақсатында «Ерікті жасақтар» акция ұйымдастырды Жастардың еңбексүйгіштікке баулу, өз туған жерінің қоршаған ортасын қорғап, экологиялық-тазалық жұмыстарына тарту мақсатында «Мәңгілік ел – жасыл ел», «Жастар таза ауыл үшін!» атты жастар сенбіліктері өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай жастарды азаматшылдық пен патриоттыққа, бейбіт және әскери уақытта конституциялық және жауынгерлік адалдыққа, жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеу мақсатында жоғары, орта арнаулы оқу орындары студенттері арасындағы аудандық «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылды. «Ер есімі – ел есінде», «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес», «Ұлы жеңіс – Ұлы аманат» және басқада тақырыптарда 13 дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған іс-шараларға барлығы 13870 адам қамтылған. Алдағы уақытта да, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар жүргізілетін болады.Тұжырымдаманың ІІ кезеңін іске асыру жөніндегі (2016-2020 жылдар) «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмысының жоспарын әзірлеу» жөніндегі 62 тармағына сәйкес орталықтың медиа жоспарында жариялануға тиісті 9 мақала аудандық газетке жарияланған. БАҚ-пен және әлеуметтік желідегі жұмыс, аудандық «Талас тынысы» газетіне ағымдағы жылдың 183 мақала жарияланған. Облыстық «Арай» және «Ақжол» газеттерінде 4 мақала жарық көрді. Фейсбук әлеуметтік желісіне (Талас жастар орталығы, жамбыл жастары, жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің топтарында)696-ға жуық іс-шара жарияланған.