«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы актив жиналысы

Жолдау актив жиынында талқыланды

          Талас аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы актив жиналысы өтті. Жиынды аудан әкімі Досмаханбет Қасымұлы жүргізіп отырды. Сонымен қатар аталмыш жиынға Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі, «Нұр Отан»  партиясы  облыстық  филиалы  төрағасының   бірінші орынбасары – Мұратхан  Жүнісәліұлы  Шукеев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, әйелдер, жастар ұйымдарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы К.Қожатаева баяндама жасап, білім саласында аудан төңірегінде атқарылып жатқан істерден хабардар етті. Сондай-ақ, кәсіпкер Қ.Кайыпова, денсаулық саласының қызметкері Ұ.Аманжолова пікірлерімен бөлісті.

Облыстық үгіт-насихат тобының жетекшісі Жолдауда айтылған міндеттер абыроймен атқарылатынына сенім білдіріп, әр бөлімдеріне жіті тоқтала әсіресе білім, өнеркәсіп саласын дамытуда баса назар аударылып отырғандығын атап, бірқатар жәйттерді баяндады.

Жиынды аудан әкімі қорытындылады. Аталмыш жиынға 170-ге жуық адам қатысты.

 

 

 

 

 

 

Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиевтің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және  түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілетін актив

/4.12.2015ж./

 

Құрметті Таластықтар!

Ардақты ағайын!

 

Өздеріңіз білесіздер, үстіміздегі жылдың 30 қарашасы күні Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлткөшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында өзінің кезекті Жолдауын жария етті. Ол туралы облыс әкімінің орынбасары Тимур Амантайұлы Жанке бүгінгі жиында жан-жақты баяндады.

Сіздердің де Елбасының Жолдауын ұйым болып теледидардан көріп, бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып білгендеріңізге еш күмәнім жоқ.

Түптеп келгенде бұл Жолдау Елбасының бұрынғы Жолдауларымен өзектес, Қазақстан – 2050 стратегиясымен тамырлас екенін аңғару қиын емес.

Алайда, Елбасының өзі атап көрсеткеніндей «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету!»

Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын  Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін».

Ия, әлемді жайлаған дағдарысты еңсерудің, оған қарсы іс-әрекет етудің жолдары қандай болмақ? Әлемдегі қаржылық, көмірсутектік, металдық, азық-түліктік бағаларының тұрақсыздығы, экономикадағы өсімнің тежелуі, импорттық  тауарларға сұраныстың төмендеуі,  Қазақстанның даму қарқынына да кері әсерін тигізіп отырғанын атап көрсеткен Елбасымыз, дағдарысқа қарсы іс-әрекеттің жасалынып жатқандығын мәлім етті.

«Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл біздің экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отыр», – деген Елбасы. Олар:

Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз, – деді.

Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму  бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды.

Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Олар 80-нен астам заң. Олар біз жоспарлағандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді.

Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.

Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.

Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде  құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. Биылғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап отыр.

Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.

Сонымен қатар, Елбасы таяу уақыттарға бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асырудың жолын көрсетті. Олар:

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру, яғни жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру.

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының дұрыс моделі.

ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру. Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз, – деп Елбасы бағыттың түп-төркінін түсіндірді.

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер:

– экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету;

– өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

– экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;

– 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.

Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.

БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

Бес бағыттың қай-қайсысы да маңызды. Бағыттарды жүзеге асыру тетіктері туралы Тимур Амантайұлы жан-жақты баяндадаы. Шығып сөйлеуші шешендер де өз көзқарастарын, ұсыныстарын білдіруде.

Талас ауданының халқы Елбасының Жолдауын мақұлдап, қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыру жолында іскерлік, табандылық көрсетуде. Соның нәтижесінде ауданның экономикалық-әлеуметтік салаларында өсім, даму байқалып, Елбасы ұсынған Реформалар нақты жүзеге асуда.

Аудан бойынша 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендегі көрсеткіштер негізінде қалыптасты:

Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі                 17 млрд.168 млн.теңгені құрап (2014 жылы 16761,3   млн.теңге), 2,4%-ға дейін өсіп отыр, немесе 406,3 млн.теңгеге артып, аудан халқының жан басына шаққанда 319,7 мың теңгеден айналады.

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері 11 млрд.807млн.теңгеге өндіріліп, 0,5%-ға немесе 56,5 млн.теңгеге артты (2014 жылдың 10 айында – 11млрд.751 млн.теңге)                                                                                                                        

Осы аралықта негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд.21 млн.теңгені құрады,

      Аймаққа жаңа инвесторларды тарту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіп келеміз. Соның нәтижесінде  «КСМ Жаңатас» ЖШС-і ауданда жылына 100,0 мың тонна әк тасын өңдеп шығаратын зауыт соғуды жоспарлауда. Жобаның құны 4,5 млрд.теңге. Қазіргі таңда зауыт соғылатын жер телімі мәселелері туралы жұмыстар жасалуда. Зауытты іске қосқан жағдайда 120-150 адам жұмыспен қамтылады.

Жеке кәсіпкер «Мусаев» жылына 1,0 млн. тонна М-325, 425, 525 маркалы цемент шығару үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді көздеуде. Жобаның құны 27,0 млрд.теңге, жобаға сәйкес 210 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде Сулейменсай-1 кенішінің әктасы мен топырағын пайдаланылады. Қазіргі таңда зауыт соғатын жер телімі туралы жұмыс жасалуда.

2015 – 2019 жылдардағы яғни екінші бесжылдықта Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №40 қаулысына орай, ауданда жалпы құны 5,0 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриалдандыру картасына енгізілді.

Есепті мерзімінде 7 млрд. 104,2 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 3,5%-ға немесе 237,9 млн.теңгеге артты (2014 жылы 6866,3 млн. теңге).  Аудан халқының жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 132,3 мың теңгені құрады (2014 жылы  – 129,6 мың теңге).

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 10 айда 15 шаруа қожалығының  18 жоба маққұлданып- 229,72 млн.теңге несие алды. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 216,64 млн.теңге құрайтын 15 жоба және «Аулие-Ата» несие серіктестігінен 13,08 млн.тенге құрайтын 1 шаруа қожалығының 2 жобасы  мақұлданып іске асырылды.

Ауыл шаруашылығын субсидиялау жақсарды.

52 шаруа қожалығы малдарын асылдандыру мақсатында асыл тұқымды 1600 бас қой, 67 бас бұқа және 17 бас жылқы сатып алды және 299 бас бұқашықтарын облысымыздың І-ІІ деңгейлі мал бордақылау алаңдарына өткізді. Оларға 83,298 млн.теңге субсидия берілді.

44 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басым ауыл шаруашылығы дақылдары егісі үшін барлығы 12,608 млн.теңге көлемінде субсидия бөлініп, құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылып, төлем жүргізілді. Осы бағдарлама бойынша 2014 жылы 43 тауарөндіруші 10128,5 мың теңге субсидия алды.

Шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 1244 субъекті тіркелген, олардың 1194-і немесе 96,0 пайызы жұмыс істейді.

Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 490 млн.теңгені құрады, өткен жылымен салыстырғанда 3,3 пайызға  өсті.

 

 

         Құрметті Тимур Амантайұлы!

Құрметті актив мүшелері!

 

Қысқаша айтқанда ауданның экономикалық-әлеуметтік салаларының даму барысы осындай.

Алда Елбасы айтқандай ұланғайыр міндеттер тұр. Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды.

«Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Партиядан сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаңғыруларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» – деді Елбасы Жолдауында.

Елбасының Жолдауын нақты жүзеге асыруда белсенділік, іскерлік көрсетейік, құрметті әріптестер!

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!