Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобының Ақкөл ауылының тұрғындарымен өткізген кездесуі

Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобының Ақкөл ауылының

тұрғындарымен өткізген кездесуінің

ХАТТАМАСЫ

 

Ақкөл ауылы                                                                                                   16 қаңтар 2018 жыл

 

 

Қатысқандар: Ә.Ахатаев – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Ғ.Қартабаев – Талас аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, А.Ерубай – Талас ауданы әкімдігінің ауылшаруашылы бөлімінің басшысы, М.Несіпбаев-аудандық мәслихаттың депутаты, С.Төленді-Нұр Отан партиясы Ақкөл бастауыш партия ұйымының төрағасы және ауыл тұрғындары – 85 адам.

Күн тәртібі

 

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  туралы.

 

Сөз алғандар:

 

Ә.Ахатаев – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы. «Жаңа Жолдаудың басты бағыты – әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылуы. Қоғам цифрлы дәуірге еніп жатқандықтан киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы да артып келеді. «Wanna Cry», «BadRabbit» секілді вирустық бағдарламалар таралып кетті. Осыған байланысты ешкімнің сақтандырылмағанын да естен шығармаған жөн. Сол себепті үлкен компаниялар мен банктер шығынға батып отыр. Ал оларды ақпараттық қауіпсіздік пен криптография саласындағы жас мамандар анықтайды. Осыған байланысты ақпараттық қорғау және тиісті мамандарды даярлау маңызды болып отыр. «Бүгінде біз цифрлық технологиялар мен шетелдік өнімдердің тұтынушысы болып отырмыз. Олардың қатарында белгілі мессенджерлер, пошталық серверлер, браузерлер, әлеуметтік желілер бар. Дей тұрғанмен Қазақстанда математикалық, инженерлік зерттеулер, информатика және есептеу техникасының тарихи базасы бар. Мұның бәрі жаңа сапаға айналуы мүмкін. Егер мән беріп қарасақ, жастарымыз жасампаздықтың ең жоғары деңгейін көрсетеді

         Ғ.Қартабаев – Талас аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары. Жолдауда Президент қолдан келетін мүмкіндіктер туралы айтқан. Әсіресе, онда қызметтегі технологиялық жүйелік пен инфрақұрылымдық басқарудағы интеллектуалды жүйелер мәселелеріне баса назар аударылған. Бұл экономика үшін өте тиімді. Сонымен қатар Президент экономиканы дамыту үшін табиғи ресурстарды басқару жолдарын қайта қарау маңызды екенін атап өткен.

Д.Мадибаев – Ақкөл орта мектебінің мұғалімі. Елбасының  халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды. Биылғы Жолдауда айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.

Ауыл тұрғындары облыстық ақпараттық түсіндіру тобына қойған сұрақтарына қанағаттанарлық  толық жауаптарын алды.

 

 

    Төраға                                                     Ж.Құдиярхан

 

Хатшы                                                       А.Сейілхан